Достық – адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, досына сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Ол туралы ұлы философтар мен ақын жазушыларға қоса, ұстаздар мен педагог-психолог ғалымдардың ой талғамағаны, оның мәнін, сырын білуге талпынбағаны кемде-кем! Мұның өзі достықтың адам өмірінде келелі орнына, зор маңызына байланысты екені даусыз. Достық – адамның өмірдің өзіндей сан бояқты, көп қырлы қасиеті, сондықтан бірер сөзбен оның толық анықтамасын беру мүмкін емес.