Туған тілім - асыл анамның әсем үнімен бойыма сіңген ана тілім. Әр адам өз анасын қалай қадірлеп сыйласа, туған тілін де солай құрметтеп, сүйе білуі керек деп ойлаймын.Ана тілің - арың бұл,Ұятың боп тұр бетте.Өзге тілдің бәрін біл,Өз тіліңді құрметте,- Қадыр Мырза Әли атамыздың осы өлең жолдары нақыл сөз боп кетті. Бұл өлеңнен көп нәрсені байқауға болады. Ана тілді арға, ұятқа теңеп тұр. «Өзге тілді білу - мақсатың, ал өз ана тіліңді құрметтеу - міндетің», – дейді ақын ата.