• "Төрт түлік мал мен егіншілік - ел берекесі" тақырыбында диалог құрастырыңыз. помогите пожалуйста составить диалог на тему "Төрт түлік мал мен егіншілік - ел берекесі"

Ответы 1

  • – Ата,мен сабақтан бестік баға алдым!– Жарайсың,құлыным!Әкелші бетіңді,бір сүйіп алайын!– Ата,осы басқа жануарларға қарағанда төрт түлікті неге біз өзімізге жақын ұстаймыз?– Себебі,балапаным,кезінде қазақ халқының бары да нары да солар болған.Олардың қай-қайсысының болмасын етін - азық,жүнін - киім,мінсе - көлік қылды.Сен өзі төрт түлікке нелер жататынын білемісің?– Әрине!Олар:қой,жылқы,сиыр,түйе ғой.– Дұрыс айтасың.– Ал егіншілік ше?Қазақ халқы мал шаруашылығынан соң егіншілікпен де айналысқан.– “Егін ырыс таңдамайды,еңбек таңдайды” дегендей, егіншілік те үлкен еңбекті талап еткен.Бірақ есесіне көп азыққа кенелесің.– Бұл екеуімен кезінде халқымыз не үшін айналысқан?– Әрине, күнкөріс үшін.Ол заманда қазіргідей жаңа технологиялар жоқ болды ғой.Біле білсең сенің анау консервідегі сүтіңнен қазақтың төл сиырының сүті әлдеқайда құнарлы.– Ата,қазір де осы төрт түлік ұстайтын,егін егетін адамдар бар ма?– Әлбетте.Қалада жүріп көрмей жүрсің ғой,құлыным.Ауылда және одан басқа шаруа қожалықтарында мал бағып,егін егіп,мол өнім алып қана қоймай,ел дамуына өз үлестерін қосуда.– Мен де келешекте өз кәсібімді ашып,төрт түлігімізді, дәстүрлі егіншілігімізді жұртшылыққа насихаттайтын боламын.– Талабың таудай болсын,құлыным!
    • Автор:

      kitten50
    • 5 лет назад
    • 0
  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years