• написать сочинение про казахстанскую певицу Нагиму Ескалиеву пятый класс

Ответы 1

  • Нағима Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Фабричный кентінде жұмысшы отбасында туды. Оның ата тегінің қонысы Ақтөбе облысы. Әкесі – Қабыл, анасы – Асыл қарапайым отбасы. Ол бала кезінен актриса болуды армандады. Туылған жылы 1954. Қазақстанның қазіргі көптеген эстрада жұлдыздары эстрада цирк студиясында (бұл қазіргі күні Жүсіпбек Елебеков атындағы колледж) қанаттанды. Соның бірі – Нағима Қабылқызы Есқалиева. Оның ұстазы Қазақстанның әйгілі өнерпазы – Лаки Кесоглу. Ол бұл студияны 1973 жылы тәмамдады.Алматы музыкалық училищесін (хорға дирижерлік жасау бөлімін) бітірген.Есқалиеваның есімі 1979 жылы “Әнмен өрнектелген өмір” Бүкілодақтық жас әншілер сайысынан соң эстрадалық музыканы сүюшілер арасында белгілі бола бастады.Жастардың «Алло, мы ищем таланты!» сайысында дипломант атанды. Оның осы сайыста өнер көрсетуі үлкен табыспен өтті.1977 жылы П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесін бітірді. Осы жылдан бастап «Қазақконцерт» бірлестігінде екі жыл бойы әншілік жолда болды1978 – 83 жылдарын «Гүлдер» ансамблінің әншісі.1979 жылы ол әртістік күшін Бүкілодақтық жас әртістер сайысында Ленинградта сынайдыХІХ Халықаралық эстрада әндеріне арналған «Алтын Орфей» фестивалінде бірінші сыйлықты иеленді.Әнші даусының диапазоны кең, эстрадалық музыка мәнерін жақсы сезінеді. Оның репертуарында әр түрлі жанр мен бағыттағы қазақтың халық әндері мен қазіргі замандық композиторлар әуендері бар. К. Дүйсекеевтің “Сәлем саған, туған ел”, С. Бәйтерековтың “Күнге табыну” және тағы басқа әндер оның орындауында әнмен айтылған өмірге айналды.1996 жылы ол Қазақстанның талантты балалары үшін эстрадалық шеберлік студиясын ұйымдастырды. Марапаттары : 2013 - Құрмет орденіҚазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігіҚазақ ұлттық өнер академиясының профессоры1999 - Қазақстан халық әртісі1985 - Қазақстанның еңбек сіңірген әртісіҚазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты
    • Автор:

      jaylene
    • 5 лет назад
    • 0
  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years