құбылыстарда атқаратын қызыметі ерекше және адамзат тіршілігіндегі мәні зор."Сулы жер-нулы жер" дейді халық мақалы. Адамзат та, табиғат та сусыз өмір сүре алмайтындығы ақиқат шындық. Адамның денсаулығы, қоршаған ортаның берекесі тікелей таза суға байланысты. Табиғат биосферасы, азық-түлік өндірісі, және әлемдік экономикалық даму түгелдей дерлік суға байланысты. Бірақ әлем халқы көбейген сайын, экология мәселесі туындаған сайын таза су тапшылығы да байқала бастады. Бұл әсіресе Орта Азия елдеріне тән құбылыс. Неге осы тақырып таңдалды?Ауыз суды үнемді пайдалану – бұл бүкіл әлемге ортақ проблема.Ай сайын су төлейтін түбіртек әкелгенде, түбіртекпен қоса ыстық су және суық су есептеуіш құралдарын орнату жайында жарнамалар қоса келеді. Біздің пәтерде ондай құралдар орнатылмаған. Сондықтан, осы жарнамаға қаншалықты сенуге болатынын анықтау керектігін шештім. Сонымен қатар, менің сыныптастарымның