• Бала шоқан сочинение на казахском

Ответы 1

  • Қосқималы атанған Құсмұрын адырының солтүс-тiгiндегi Төре аулының күзеу құдығы күзгi малға шөбi шүйгiн құйқалы қоныс. Бiр жағы Құсмұрын саласына жалғасатын бетегелi кең тепсең; екiншi жағы жағалай көктарлаулы қара отты ашылауыт ой. Төре аулының бұл күзегiн ұшқан құс, жүгiрген аң, болмаса, салт атты кiсi баспайды. Қыста құлан, елсiз болып қар басса, жазда жалғыз үй күзетшi отырады. Осы күзетшiнiң қара лашығы Қосқималының ық жағында қалың шидi ықтай қарақшы болып шоқаяды да тұрады. Сол қара лашықтан шыққан арықтау шегiр көз сары баланың екi түрлi ғана ермегi бар. Бiрi – екi сиырдың бұзауын бағып, енесiне жамыратпай жаю, мезгiлiнде суару. Екiншiсi – тебiндегi саздан балшық алып, ойыншық жасау.
    • Автор:

      dawn
    • 6 лет назад
    • 0
  • Добавить свой ответ

Еще вопросы

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years