• жылы жакка саяхаттайтын кустарды табыныз

Ответы 1

  • Аққу (қу) – иiлген ұзын мойынды, ақ қауырсынды, үйректер тобына жататын, iрi, халық киелi санайтын әдемi құс.Сұңқылдауық аққу – қаз тәрiздес iрi, әдемi құс. Қамысты су маңын мекендейдi.Саһар – аққудың қоразы.Көгiлдiр – аққудың балапаны.Ақүрпек – жүнi жаңа шыға бастаған балапан.Қаз – мойны ұзын, суда жақсы жүзетiн, қос мекендi, еттi, жабайы және үй құсы.Қоңыр қаз – өзен-көлдерде жүретiн қоңыр түстi жабайы қаз.Сарыала қаз – көбiнесе көлде жүретiн сарыала түстi жабайы қаз.Қараша қаз – жабайы қаздың, қара-қоңыр түстi, сирек кездесетiн түрi. Қызыл кiтапқа енгiзiлген.Қара қаз – балықпен қоректенетiн, қара түстi, суда еркiн жүзетiн су құзғыны.Қоқиқаз – мойны мен аяғы өте ұзын, қауырсыны ашық қызғылтым, кейде сұрғылт қоңыр, тұмсығы шомбал, қызыл кiтапқа енгiзiлген жыл құсы.Ала (итала) қаз – сырт көрiнiсi қазға да, үйрекке де құсас, басы, құйрық қауырсыны қара, жемсауы мен арқасы ақ, көкiрегi сарғыш iрi құс.Үйрек – башайларының арасы жарғақ терiмен ұласқан су құсы. Асыранды түрi де бар.Мамыр – ұшуға жетiлмеген, отқа семiрмеген балапан.Кежек – үйректiң қоразы.Мисақ – үйректiң бiр түрi.Сүңгуiр үйрек – терең сулы өзен-көлдерде жүретiн, сүйiр тұмсықты, төбесiнде айдары бар үйрек.Сұқсыр – сұр түстi кiшкене үйрек.Шүрегей – үйректiң ең кiшкене, ұшқыр түрi.Сүршүрегей – тектестерiнен қауырсын ұштарындағы ақ дақтарымен ерекшеленетiн, өте сирек кездесетiн шүрегей үйрек.Кегер – кiшкене, сұр түстi сүңгуiр үйрек.Дарқоңыр – үйректiң бiр түрi.Шiңкiлдек – дауысы шiңкiлдеген үйректiн кiшiгiрiм түрi.Бiзқұйрық – ұзын құйрығы сүйiр, үйрек тұқымдас су құсы.Зымыран – үйрек тәрiздес кiшкене ұшқыр құс.Қасқалдақ – қауырсыны, мамығы сұр, мандайы ақ, сүңгуiр құс.
    • Автор:

      welch
    • 6 лет назад
    • 0
  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years