• Комектесиндерш! Мына сойлемнен сын есим кайсы

    Онға келдім, – ойнадым, қызығына тоймадым. Жиырмаға жеттім – бойладым, онда да балалықты қоймадым. Есейе келе жақсы сөзге сүйіндім, жаман сөзге күйіндім, барымды бойға киіндім, сұлу қыз-келіншектерге шүйілдім, жауларыма түйілдім. Отызға келдім – алтайы қызыл түлкі болдым: қыран бүркітке алдырмадым, құмай тазыға шалдырмадым, қатар құрбының көңілін қалдырмадым. Қырыққа келдім – арғымақтай аңқылдадым, тау тағысындай саңқылдадым, ақ алмас­тай жарқылдадым, құз қыранындай шаңқылдадым, барымды жоқ деп сарқылмадым. Елуге келдім – биік қырға шықтым, арғы жағының алыс-жақынын байқамадым, дәулетімді шайқамадым. Алпысқа келдім – алты тарау жолға түстім; қайсысының алыс-жақынын білмедім. Жетпіске келдім – жеңілгенімді білдім, бала мен келінге билігімді бердім, айтқанына көндім, айдауына жүрдім. Сексенге келдім – оң жағым от, сол жағым су, алдым жар, артым құз; қалай қозғалсам да тірлік деп біле алмадым, – депті.

Ответы 1

  • жаман  сұлу  қызыл  қыран  құмай  ақ  құз 
    • Автор:

      bishop
    • 6 лет назад
    • 0
  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years