• Составьте, пожалуйста, вопросы и ответы к тексту.
    Ертеде бір жас жігіт өзінің кедейлігін айтып, әрдайым мұңын шағудан жалықпайды екен.
    - Шіркін-ай, егер менің байлығым көп болса, жақсы өмір сүрер едім, — деп зарлауын қоймапты.
    Бір күні жігіттің лашығының алдынан қарт тас қашаушы өтіп бара жатып, зарлап отырған жігіттің қасына келеді.
    - Саған не болды сонша жыланып? Сен нағыз бай адам емессің бе? – дейді.
    - Мен баймын ба? – деп жігіт таң қалады. – Ол қандай байлық?
    - Сенің көздерің ше? Бір көзіңді біреуге қаншаға сатып берер едің? – деп сұрайды қарт.
    -Оның не?! – деп шошып кетеді жігіт, — көзімді ешқандай байлыққа айырбастамаймын.
    - Ал енді екі қолың мен аяғыңның біреуін алтынға айырбастар ма едің?
    - Жоқ, ешқайсысын да алтынға айырбастамаймын, — дейді жігіт.
    - Міне, көрдің бе, сен өте бай адамсың. Адамның ең үлкен байлығы — күш-қуаты мен денсаулығы, — дейді қарт. – Оны ақшаға сатып ала алмайсың.
    Қарт осыны айтады да, жөніне кетеді.

Ответы 1

  • 1)Кедей жігітке кім жолығады?-Тас қасаушы2)Жігіттің ең үлкен байлығы не болып шығады?- денсаулығы3) Қарт жігітке нені сатып алуға болмайтынын түсіндірді? - Денсаулықты4) Жігіт алтынды таңдадыма денсаулықты ма?- Денсаулықты
  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years