Ала қанат қар — бір аумаққа жауып, бір аумаққа жаумай жерге ала түскен қар.Анжыр — қардың еріп қатуы. Қарғынға аралас қатқан қарлы мұз.Боз қырау — күзгі күні тоңазудан болатын шық.Жапалақ қар — ірі түйіршікті жапырақтап жауған қар.Жылбысқа қар — ери жауған қар.Көбік қар — жерге түскенде астыңғы қабаты ери беріп, беті көпіршіген жұмсақ қар.Күпсек қар — қалың жауған ұлпа қар.Күртік қар — беті қатқан, жаяу жүргенде ақсақ ойылатын қалың қар.Қасат қар — ұзақ жатқан қалың қар.Қиыршық қар — жентектелген түйіршік қар.Қылау — ауадағы су буынан немесе салқын тұман тамшыларынан түрлі зат бетіне, ағаш бұтақтарына қонатын мұз қабаты.Қырау — суық күзде тоңазыған дымқыл ауанып бір нәрсеге қар тәрізді ағарып қонған түрі.Қырбық қар — жұқа жауған қар.Мұздақ қар — үстін мұз торлаған, көкшіл түсгі, беті жылтыр сырғанақ қар.Омбы қар — ат бауырлайтын қалың қар.Сонар қар — алғаш жауған қалың қар.Сүрі қар — ерте түсіп ерімей, қыс бойы қалыңдаған, тозаң топырақ сіңіп беті күлгін тартқан нығыз қар.Сіреу қар — ұзақ мезгіл мызғымай жатқан аяқ бастырмас, көлік жүрісіне бөгеу қатты қалың қар.Ұлпа қар — түйіршіктері үлбіреген жеңіл үлпекқар.Үйме қар — боранды жел сырғытып, бір жерге тау-төбе үйілген қар.Үрме қар — жел үрлеп, жиынтықтаған тығыз қар.