Сара: – Сәлем,Асыланбек.Қал-жағдайың қалай?Асыланбек: – Сәлем,Сара.Жаман емес,өзіңде ше?С: – Жақсы.Үй іші қалай?Олармен көріспегелі көп болды.А: – Бәрі аман-есен.Олар да сені сағынып жүр.С:– Сәті түскенде барып қайтармын.А: – Сара,бір сұрақ қойсам бола ма?С: – Әрине.Бірақ,сабаққа қатысты болса...А: – Жоға,мүлде ол туралы емес.Менің екі ағамның да өз отбасылары бар және олар ата-анамыздан бөлек тұрады.Әпкем жақында тұрмысқа шығады.Ең кішісі менің де өз шаңырағымды құруым керек... Сонда анам мен әкемнің қасында кім қалмақ?Біз оларды жалғыз тастап кепеуіміз керек қой...С: – Әрине,сен қара шаңырақта қаласың.Өйткені,сен отбасыларыңдағы кенжесісің.А: – Неге кенжесі қалуы керек?С: – Қазақ отбасында кенже ұл – қара шаңырақ иесі.Ал,қара шаңырақ деген ата-анаң құрған шаңырақ. Қазақта кенже ұл ерекше мейіріммен өседі. Атадан қалған ұяның жылылығын ұстау шаңырақ иесі – кенже балаға жүктелер міндет.Осыны есіңде ұста.А: – Түсіндім.Қара шаңыраққа ие болудан қашқаным емес...Жәй ғана мені мен де ағаларым секілді бөлек кетсем,ата-анамның қасында кім қалмақ деген ойлар мазалаған еді.Жауабың үшін көп рахмет!С: – Оқасы жоқ.Сендей ұлдары бар көкем мен анам қандай бақытты.Осы бетіңнен тайма,Асыланбек!А: – Әрине!Келесі кездескенше!С: – Сау бол!