Предмет:
Қазақ тiлiАвтор:
maribelglidБалапан өсіру тәжірибесі
Балапан өсіру тәжірибесі
Тұқымды құс асырағыңыз келсе, ең алдымен балапандарды дұрыс күтімге алыңыз. Оларға дұрыс жағдай, күтім жасалмаса, асыл тұқымды деген құстардың өзі өнім бермейтін болады. Сондықтан балапандарды алғашқы күннен бастап барынша жайлы жағдайда өсуі керек. Біз осы мақсат үшін балапандарға арналған «балабақша» конструкциясын назарларыңызға ұсынамыз. Оны біз «Клуша» шкафы деп атаймыз.
Ол фанерадан жасалған үлкен жәшік. Ол үшін «ондық» фанераны пайдалану керек, себебі балапандарды әдетте қыс мезгілінде бастырамыз, ал мұндай қалың фанера жылуды шкафтың ішінде сақтауға көмектеседі. Ең бастысы іші желденіп тұру үшін екі жерден, әдеттен есіктің үсті мен астынан ені 1 см саңылау жасау керек. Және есіктің астынан биіктігі 10 см табалдырық қалдырамыз.
ebadae3bd4dc7b756da1ef4fc3c7731d.jpg
Үйшіктің биіктігі бір метрдей болуы керек және ол сондай шамалас биіктікте орналасуы тиіс. Бұл өзіңізге ыңғайлы болады, еңкеймей жұмыс істейтін боласыз. Еденнің ауданын балапан санына қарап, өзіңіз ыңғайлай аласыз. Әдетте 1 кв.м ауданға 20-25 балапан сыяды. Еденге құм төсейміз, бірақ алдымен зарарсыздандыру үшін құмды қыздырып аласыз. Оның үстінен ұсақталған дән себесіз – бірінші күні балапандар астаудағы жемді таба қоймайды, ал аяқ астындағы дәнді кез-келген балапан көретіні анық.
Қалай болғанда, ұсақталған дән салынған және жылы су құйылған астаулар үйшіктің ішінде болуы міндетті. Алғашқы кезде жем үшін ұнтақталған дән (манка), жүгері беруге болады. Марганцовка немесе басқа препараттарды суға қоспаймыз, себебі егер үйшіктің ішіндегі санитарлық жағдай жақсы болса, препараттар құстарға зиян келтіруі мүмкін деп санаймыз. Себебі құстардың ішек микрофлорасы қалыптасады және бұл жағдай оларға жемді сіңіруге көмектеседі. Егер ол микрофлора микробтарын сіз «жоятын» болсаңыз, балапандарға қиын болады.
Жем салынған, су құйылған ыдыстарды шкафтың бүйір қабырғаларының біріне орнатамыз және олардың үстінен люминесценттік шам жағамыз – бұл шам қыздырмайды, оның міндеті жем мен суға жарық түсіру, себебі қараңғылау жерде балалапандар жем жей қоймайды. Ыдыстарды бір бірінен алшақтау орналасқан дұрыс, оған қоса су құйылған ыдыстың астына бірдеңе қойған жөн, сонда су таза тұрады. Ал ыдыстарды таңдағанда, құстар аяқтарын оңайлықпен сала алмайтын, оңай сынбайтын ыдыстарды таңдаған жөн.
Кейде балапандарға жем шоқуды, су ішуді үйретуге тура келеді. Ол үшін олардың қастарына үлкендеу балапанды отырғызу керек. Бірақ әдетте саусақпен жем салынған астауды қолмен «шоқысаңыз», ал су құйылған ыдысқа шайдың самасын салсаңыз болды.
«Клуша» – ол ішінде жылыту элементі бар пластина. Оны қарсы беттегі қабырғаға орнатамыз. Жылытқыш пластинаны құстардың аяғының астына емес, жоғарылау, табиғаттағыдай, аналарының бауырына жатып жылынатындай жерге орнату керек. Егер балапандарды астынан жылытатын болсақ, яғни еденді жылы ететін болсақ, олар аз қозғалып, жата беретін болатын, аз қоректенеді, нәтижесінде баяу өседі.
Қыста қызуы қаттылау жылытқышты, ал көктемді сәл әлсіздеу пластинаны қолданамыз.
«Клушаны» орналастырған кезде, балапандардың қимылдарын бағу керек. Алғашқы кезде пластинаны еденнен 10 см жоғарылау орнатқан жөн. Егер балапандарға жайлы болса, онда онда соның астына келіп жататын болады, анда-санда орындарынан тұрып жем жеп, су ішіп қайтады. Егер олар ыстықтаса, жылытқыштың астына емес, үйшіктің басқа бөлігіне барып жатады. Сондай кезде жылытқышты тағы бірнеше см көтеру керек. Егер балапандар пластинаның астына топтасып жатса, онда олардың тоңғаны, онда жылытқышты төмендеу түсіріңіз. Бәрі дұрыс болсын десеңіз, температураны өлшеп тұрған жөн. Бірінші күні 32-34 градусты ұстаймыз, кейіннен пластинаны көтеріп, температураны біртіндеп азайтамыз. Ең бастысы балапандардың жағдайын бақылап отыруды естен шығармаңыз, сонда бәрі жақсы болады.
Біз көп балапан бастыратын болғандықтан, бізде мұндай үш шкаф бар. Біріншісінде балапандар 7 күн тұрса, екіншісінде – 3-4 апта, ал үшіншісін –2 ай жасқа дейін тұрады. Одан кейін есейіп қалған оларды вольерге ауыстырамыз. Жаңа балапандарды «Клушаға» салар кезде, шкафтардың ішін тазалаймыз, зарарсыздандырамыз. Аз балапан ұстайтындарға әр жастағыларға арнап шкаф жасаудың қажеті жоқ.
Автор:
nadeenДобавить свой ответ
Предмет:
Русский языкАвтор:
dixie61Ответов:
Смотреть
Предмет:
Русский языкАвтор:
pattonОтветов:
Смотреть
Предмет:
ПсихологияАвтор:
cookeОтветов:
Смотреть
Предмет:
Русский языкАвтор:
shirleyni7jОтветов:
Смотреть