ТУҒАН ЖЕР.Туған жер, кіндік қаным, тамған жерім,Шыр етіп, жарық дүние келген жерім.Бөленгем, ақ бесікке сонда алғаш,Айналдым, мен өзіңнен туған жерім.Бұлақтар бастау алған Алатаудан,Өзен боп Аспарамдай сарқыраған.Кең дала, сай-төбелі, шыбырым бар,Бұл менің, туған жерім Қызыл Еңбек.Жаз жайлау болған сонау Қасқасуым,Көк майса, қызыл, сары гүлге толған.Арша мен шырша өскен тау бөктерлеп,Айналдым жер ұйығым туған жерім.Тастақты мекен еткен менің елім,Бау-бақшаң жайқалады туған жерім.Еліме нәр бергіңде, сән бергіңде,Көркейіп, гүлдене бер туған жерім.