- Айдын, сенде артық ақша бар ма? - Саған не үшін керек?- Маған шұғыл түрде қалам сатып алу керек еді.- Менде анам асханаға берген 150 (жүз елу) теңге бар.- Мен асханаға берген ақшаны жұмсап тастап едім, сыныпқа келсем қаламым сынып қалыпты.- Ал қалам қанша теңге тұрады?- 30 теңге.- Әділет, онда мен саған отыз теңге берейін де, қалған 120 (жүз жиырма) теңгеге асханадан тоқаш алайын. Шай ішпей-ақ қоямын.- Ой, рахмет, саған. Сен нағыз доссың, Айдын! Ертең қарызымды қайтарамын. Уәде берем.