Ответы 1

  • Асық – төрт түлік мал мен қоңыр аңдар тілерсегінде болатын, қызметі аса күрделі, буынға біткен шымыр сүйек. Қой, ешкі, сиыр, түйе асығы үлкен-кішілігіне қарамастан бір пішіндес, мүсіндес келеді. Ал жылқы асығы басқа пішінді болады. Асықпен «Ханталапай», «Үш табан», «Шеңбер» сияқты неше түрлі асық ойындары ойналады. Ойында асықтың сыртқы пішіндері үлкен рөл атқарады.Алшы – асықтың иірілгенде тегіс табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ойын кезінде оған бірінші дәрежелі мән беріледі.Тәйке (тауа) – асықтың иіріленде шұңқырлау табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ол екінші дәрежелі мәнге ие.Бүге (бүк) – асықтың иірілгенде дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен жатық түсуі. Ол үшінші дәрежелі мәнге ие.Шіге (шік) – асықтың иірілгенде шұңқыр құрсақ жағы үстіне қарап, шалқасынан жатық түсуі. Ол төртінші дәрежелі мәнге ие.Тұрық – асықтың алшы не тәйке түсуі.Омпы – асықтың тұмсығымен жер тіреп, тік шаншылып түсуі.Сомпы – асық тұмсығының көкке қарап, тік шаншылып шоңқая түсуі.Табан – асықтың тәйке жағы.Оңқай – асықтың бүгесі алақанға қарап, тәйкесі оң қол бас бармағына басылып ыңғайлы ұсталуы. Оңқай асық малдың сол жақ аяғының тілерсегінде болады.Солақай – асықтың шігесі сыртқа қарап, алшысы оң қол бас бармағына басылып ыңғайлы ұсталуы. Солақай асық малдың оң жақ аяғының тілерсегінде болады.Сақа – қолдағы бар асықтың үлкенінен, ірісінен, межемдісінен, салмақтысынан, оңқайынан белгіленеді. Солақайлар сақаны солақай асықтан ұстайды.Асық түрлері:Кеней, кентай - асық ойынында ұпайға тігілетін асық. "Кішкентай" сөзі "Кіші" және "кентай" сөздерінен шыққан.Сақа - асықтың ең үлкені, ірісі.Ешкімер - ешкінің асығы.Қойлақ - қойдың асығы.Құлжаз- құлжаның асығы.Топай, сомпай - сиырдың асығы.Шүкейт - киіктің асығы.Пүш- тәйке түспесін деп, алшы жағы жонылған асық. "Пұшайман болу" деген сөз осыдан шыққан.Оңқай - малдың оң жақ аяғының асығы.Солақай - малдың сол жақ аяғының асығы.
  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years