Предмет:
Қазақ тiлiАвтор:
janeviyiДүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен, түсінік, адамды тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс. Достық адамдардың ең алдымен бір-біріне сенуінен басталады. Ол артқан сайын, достық та қатая түседі. Ал бір-біріне сенімі жоқ, дегенмен өздерін дос санайтындар да бар, ол жалған достық – бірде бар, бірде жоқ. «Достық» туралы нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» деген. Күнделікті өмірде көңіліңе шапағат сәулесін шашып, сенің төрт құбылаңды тең ететін айналаңдағы достарыңның басы бұзылмағаны қандай жақсы.
Автор:
homeropsrhЭссе
Жолдасы көптің - олжасы көп.
Достық – ең ұлы сезімдердің бірі.Доссыз өмірді елестетуге келмейді десек те болады.Халқымыз "жүз теңгең болғанша,жүз досың болсын" деп бекер айтпаған.Достармен сен қуанышыңды да,қайғыңды да бөлісе аласың.Олармен бірге кез келген қиындыққа төтеп беру – ең үлкен жеңіс боп саналады.
Достардың арасында мызғымас,берік қарым-қатынас болса,алынбайтын асу жоқ дер едім.Мысалы,мына жағдаят сөзіме дәлел бола алады.Асан,Берік,Бағдат – үшеуі кішкентайларынан бері айрылмас достар.Бірге мектепке барып,бір үйірмелерге қатынасады.Бір күні мектепте оқушылар бір жерге үйіліп,у-шу боп жатыр екен.Үш дос барып қараса мектепте жобалар сайысының ұйымдастырылатынын және жеңімпаз еліміздің көрікті жерлеріне экскурсияға жолдама алатыны туралы хабарландыруды көреді.Осы кезде Асан:
– Эх,мен экскурсияға қатысқым-ақ келіп тұр.Әттең,қолымнан жоба жасау келмейді...-деп күрсінеді.Сонда Берік пен Бағдат Асанға жалт қарап:
– Біз саған жеңімпаз атануға көмектесеміз,біз біргеміз!-деп арқасынан гүрс-гүрс қағып,қолдау қолдау көрсетеді.Кейін үш дос не істеп,не қоятындарын ақылдаспақшы болып Асанның ауласындағы үйшікке жиналады. Үйшіктен гүбір-гүбір әңгіме,сылқ еткен күлкі,жобаға керекті неше түрлі материалдардың тарс-тарс еткен дыбысы естіледі.Осылайша үш дос жұмыла жұмыс жасап,жеңімпаз атанып,Асанның арманын орындайды.
Ия,достық ол көптеген нәрселерге көзімізді жеткізеді.Әрине,досың көп болғанымен,олардың адал әрі нағыз достар екеніне назар салғайсың.
Қосымша:
Еліктеу сөздер — табиғат құбылыстары мен жан-жануарларда болатын әр алуан дыбыстарға және олардың сын-сипат, қимыл-әрекеттеріне еліктеуден туған сөздер. Қазақ тілінде еліктеу сөздердің екі түрі бар:
1) еліктеу есту қабілеті арқылы пайда болған еліктеуіш сөздер. Мысалы: тарс-тарс, салдыр-гүлдір, дыр-дыр, гүрс, шолп;
2) еліктеу көру қабілеті арқылы пайда болған бейнелеуіш сөздер.Мысалы: жалт, жарқ, лып, маймақ, көлбең,ербең-ербең.
Автор:
anya60Добавить свой ответ
Предмет:
БиологияАвтор:
lobster8u28Ответов:
Смотреть