Ответы 2

  • Ғылым дегеніміз не? Бұл сұраққа жауап берудің оңай еместігінің дәлелі ретінде оның қашан пайда болғандығы туралы пікірталастың әлі күнге толастамай отырғанын айтуға болады. Ғалымдардың бір тобы ғылым ежелгі дүниенің антикалық кезеңінде, яғни, осыдан 2,5 мың жыл бұрын пайда болды десе, енді бір ғалымдар нағыз ғылым тек Жаңа Дәуір кезеңінде, шамамен ХVІІІ-ғасырда қалыптасты деген пікірді үстанады. Мұндай пікірталастың себебі ғылымның күрделі және санқырлы құбылыс екендігінде. Ол бір жағынан алғанда білімдердің, теориялық қағидалар мен методтардың жүйесі, сонымен бірге қоғамдық сананың формасы, қоғамды» дамудың рухани жемісі, қоғам дамуын басқару құралы, өндіргіш күш күрделі информациялық жүйе және т.б. Осы әр түрлі салалардың мамандары ғылымға әр түрлі анықтамалар береді және олардың ешқайсысын да теріске шығаруға болмайды. Әртүрлі анықтамаларды қорыта келіп, ғылымның жалпы анықтамасын беретін болсақ, ғылым — табигат, қогам және адам туралы білімдер өндіруге багытталган зерттеу қызметі саласы.
    • Автор:

      banjocook
    • 5 лет назад
    • 0
  • Ғылымның пайдасы.

    Мектеп қабырғасында жүргенде мұғалімдеріміз бізге "Мектеп – кеме,білім – теңіз.Барар жерге тез жетеміз" деп хормен айтқызушы еді ғой.Ол кездері бұл екі жолдың мағынасын түсінбейтін едік.Ал өсе келе ұғынамыз,көреміз.

    Қазіргі таңда ғылым қарыштап дамуда.Ғылымның арқасында адамзат тұрмысына,өміріне қажетті жаңалықтар ашылуда.Ал ғылымның әр саласы білімнің дамуымен тығыз байланысты.

    "Заман өзгерді ме,адам өзгерді ме?" деп жатамыз.Меніңше,адам өзгерді.Себебі,бүгінгі таңда адамдар біздің үш ұйықтаса түсімізге кірмейтін жаңалықтар ашып,өнертабыстарды жасап шығаруда.

    Ғылымның адам өмірінде пайдасы үлкен деп ойлаймын.Тіпті,ғылымсыз бүгінгі күні адам өмірін елестету мүмкін емес.Ғылымның нәтижесінде алпауыт өнертабыс саналатын,барлығымыздың көз алдымызда жүрген компьютердің өзі адам кәдесіне жарап-ақ жүр.Небір ғалымдар күн,түн демей,көз майын тауысып,адам өміріне қажетті әрі көздің жауын алатын өнертабыстарды жасау үстінде.Әрине,көп ізденіс,көп тер қажет.Біз бұл өнертабыстарды қолдану себебіміз оның ыңғайлылығында деп білемін.Олар уақыт үнемдейді,адам істей алмайтын заттарды істей алады.Міне, ғылымның пайдасы осында деп білемін.

    • Автор:

      carmen
    • 5 лет назад
    • 0
  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years