• «Би-шешендердің сөздері-халықтық тәлім-тәрбие құралы» деген тақырыпқа дәлелдемелік эссе (сөз саны-90) жазуға көмектесіңдерші. Пожалуйста!

Ответы 1

  • Дәлелдемелік эссе

    Би-шешендердің сөздері - халықтық тәлім-тәрбие құралы.

    Қазақ халқы – сөз қадірін өз қадірім деп білген,кеңдігін де, елдігін де,кемеңгерлігі мен көсемдігін де сөзге сыйғыза білген халық."Өнер алды - қызыл тіл" демекші,сөздердің ең асылы - шешендік сөз болған.Шешендік сөзбен шешімін таппас дауды шешіп қана қоймай,соғыста қарсыласты жеңген.Қазақ шешендік өнерінің майталман өкілдеріне:Майқы би,Жиренше,Асанқайғы,Саққұлақ шешен,Ақтайлақ шешен,Төле, Қазыбек, Әйтеке билер және т.б. жатады.Осындай би-шешендерімізден қалған сөздерді халқымыз ауыздан-ауызға жеткізіп,тәрбие құралына айналдырған.Оған дәлел,Қазыбек бидің:

    Алтын ұяң – Отан қымбат,

    Құт берекең атаң қымбат,

    Асқар таудай әкең қымбат,

    Аймалайтын анаң қымбат,

    Туып-өскен елің қымбат,

    Ұят пенен ар қымбат,-деген сөзінде үлкен тәрбие жатыр.Отанды,отбасыңды,елің мен ар-ұятыңды қастерлей біл дегісі келген.Халқымыздың әр би-шешеннің сөзінде баға жетпес даналық ойлар бар.

  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years