Түйін - оқырманның қажетті мәліметті тез тауып, уақыт үнемдеуіне мүмкіндік жасайды. Түйіннің негізінде мәтінге арқау болған негізгі ой жатады. Түйін ғылыми-көпшілік мәтінде де, таза ғылыми мәтінде де кездеседі. Ғылыми-көпшілік мәтінде зерттеудің болашағын, мақсатын, көтерілген не қозғалған мәселенің тиімділігін, ғылым саласында алатын орнын нұсқайды. Ғылыми мәтінде зерттеудің нақты қысқаша мазмұнын баяндайды. Зерттеу әдісі мен оның нәтижесін көрсетеді.