Кемінде екі жай сөйлемнен құралған күрделі сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.Мыс: Аспанда бұлт болмасын, жерде гүл солмасын.Құрамындағы жай сөйлемдердің өзара байланысу жолдарына қарай құрмалас сөйлем 3 бөлінеді.Салалас құрмалас сөйлемСабақтас құрмалас сөйлемАралас құрмалас сөйлем.Құрамындағы жай сөйлемдері өзара тәуелсіз, тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемді салалас құрмалас сөйлем дейміз. Мыс: Табыс өзінен – өзі келмейді, оны қажырлы еңбекпен жеңіп алу керек.(1. Табыс өзінен-өзі келмейді. 2. Оны қажырлы еңбекпен жеңіп алу керек. )Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері :Ыңғайлас салаласТүсіндірмелі салаласҚарсылықты салаласСебеп- салдар салаласТалғаулы салаласКезектес салалас