• помогите пожалуйста написать айтылым по казахскому на тему "дос пен досты есеп бұзады не өсек бұзады"

Ответы 2

  • Дос адал болу керек. Сенің достарын көп болса сен соншалықты бақытты боладын. Өзінің достарынмен ұрсуға болмайды.Өйткені сен достарынмен ұрыссан сен жаман сезімде боладын. Сен досынмен ұрыссан мен басқа дос табамын демеу керек және дос тапсан оны осектеуге болмайды.
  • Ответ:

    "Дос пен досты есеп бұзады не өсек бұзады".

    Өз басым айтылған пікірмен толықтай келісемін. Себебі, біріншіден, адал достар арасында ешқандай есеп айырысу болмау керек. Осы орайда, «Досыңа қарыз берме, берсең, сұрама» деген нақыл сөз есіме түсіп отыр. Себебі, досың қиналған сәтте сенен қарыз алады және жағдайы келіп жатса, міндетті түрде қайтаруға тырысады деп ойлаймын. Ал егер, қайтып бере алмай жатса, бергеніңді міндетсінбеу керек. Бұл достар арасына кірбің салады.

    Ал екіншіден, дос болған адамның сыртынан ешқашан жаман пікірлер айтып, қауесеттерге ермеу керек. Себебі, адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ал сен досыңды жамандайтын болсаң, демек өзің де сондайсың.

    Сондықтан да, ұлы дана Абай атамыз айтқандай бес дұшпанның біреуі саналатын өсектен аулақ болып, достық қатынасты сақтай білейік.  Өйткені, достық қарым – қатынас өмірімізде өте маңызды, адал дос табу оңай емес. Әрқайсымымыз достыққа мұқтажбыз, ол ешқашан көптік етпейді. Нағыз, адал дос өмірде орын алатын түрлі сәтсіздіктерге мойымай, басқа түскен ауыртпалықтарды бірге көтеруге жәрдемдесіп, қуаныш пен шаттық күндерді бөліседі. Осындай достарымыз көп болып, достықтарымыз мәңгілік болсын дегім келеді!

  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years