Ответы 2

  • короткий
  • Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, кітапханадан табамыз. Кітапхана – оқырманмен кітап арасындағы алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы – кітапханашы.

    Қызығы мен қиындығы мол кітапханашы мамандығы туралы бір-ақ ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес, жұрт көп біле бермейтін, көп елене бермейтін, бірақ дүйім оқырманның кітап жайлы бағыт-бағдар алуы үшін жан-тәнімен беріліп қызмет атқарып жатқан кітапханашының еңбегі ұшан-теңіз. Қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылар – ең қажет, абыройлы мамандық иелері. Ойы зерек, қиялы жүйрік, өзінің кәсіби шеберлігін шындаған, оқырмандарға білім мен қажетті ақпараттың тиімдісін демдеп беріп отырған, ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, парасатты кітапханашылардың орны да өзінше бір бөлек. Бүгінгі күні кәсіби шеберлік- кез келген маманның қоғамдағы сұранысы мен орнын анықтайтын басты ұстаным. Әр маман иесінің қызмет көрсету деңгейі ең әуелі қызметкерлердің кәсіптік деңгейімен анықталады. Алдына келген ауру адамға ем жазатын дәрігер болса, алып жатқан білімін қосымша оқу-біліммен толықтыруға көмектесетін мамандық иесі- кітапханашы. Кәсіби шеберлік, білімділік, әсіресе кітапхана саласы ақпаратты беру мен табу, іздестіру жолдарын білуде кітапханашы мамандар бірінші кезекте. Біздің кітапханамыз мектептің бір бөлігі. Жаңа заман компьютер дәуірі болғанымен рухани азық іздеген, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы – кітапхана. Біздің барлығымызға да ортақ міндет- әрбір оқушының өзінің керек кітабын тауып қажет ақпараттармен қамтамасыз етіп, өзіндік тұлғасын қалыптастыруына жағдай жасау. Кітапханашы мамандығы өзінің өте қызықты да, тартымдылығымен ерекшелінеді. Себебі, кітапханамызда күн сайын жаңалыққа толы сәттер, жаңа келген газеттер, журналдар, жаңа кітаптар және күн сайын келіп кітап алып жатқан оқушылар бізден кереккітаптарын алып қана қоймай, сонымен қатар өздеріне керекті кең мағлұматты кітапханашыдан алып жатады. Осылай кітапханамызда жұмыс күні жалғасып жатады.

  • Добавить свой ответ

Еще вопросы

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years