• сочинение на казахском языке на тему заповедники Казахстана

Ответы 2

  • Қазақстанның қорлары мемлекетке тиесілі. 1892 жылы алғашқы заң жануарлар дүниесін қорғауға шығарылды, ал 1926 жылы Қазақстан мен Орталық Азияның Ақсу-Жабағылы бірінші резерві қалыптасты. Қорық құру мақсаты сирек кездесетін жануарлар мен құстардың, сондай-ақ өсімдіктердің табиғи жағдайларын сақтау болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстанда 10 қор бар.Ақсу-Жабағылы қоры 1926 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында, Батыс Тянь-Шаньның солтүстігінде, Жабағлы ауылының Түлкібас ауданында орналасқан. Жалпы ауданы 75 мың гектар. Климат қалыпты континентальды. Қызылжар, Қызылкенкөл, Айнакөл, Оймак сияқты тау көлдері бар
  • Ответ:

    Қазақстан қорықтары.

    Мемлекеттік табиғи қорық қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет. Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шаққанда корықтар үлесі жөнінен 13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973 га. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау коғамы өкілдерінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы.

    Қорықтардың табиғи ұлттық парктерден айырмашылығы;табиғи парктерде кіріп серуендеуге мүмкіндік бар.Ал қорықтарда оған тыйым салынған.

    Қазақстанда 10 қорық бар. Ең алғаш ашылғаны - Ақсу-Жабағылы қорығы (1926ж.).

    Барлық қорықтар:

    1.Ақсу-Жабағылы - Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. 2.Наурызым қорығы (1934ж.) Қостанай облысы.

    3.Алматы қорығы (1964ж.) Алматы облысы.

    4.Қорғалжын қорығы (1968ж.) Ақмола облысы.

    5.Марқакөл қорығы (1976ж.) Шығыс Қазақстан облысы.

    6.Үстірт қорығы (1984ж.) Маңғыстау облысы.

    7.Батыс Алтай қорығы (1992ж.) Шығыс Қазақстан облысы.

    8.Алакөл қорығы (1998ж.) Алматы облысы.

    9.Барсакелмес қорығы (1939ж.) Қызылорда облысы.

    10.Қаратау қорығы (2004ж.) .

    Қорықтарды құрудың мақсаты - әр түрлі географиялық зоналардың жекелеген учаскелерін табиғи күйінде сақтау, жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетінін және құрып бара жатқан түрлерін қорғау.

    • Автор:

      jade62
    • 5 лет назад
    • 0
  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years