Бұл жұрнақтардың барлығы да сөз тудырушы жұрнақтар болып табылады.-сыз/-сіз жұрнақтары - есімдерден сын есім жасайтын жұрнақтар.Мысалы:бала+сыз,үй+сіз,ұят+сыз т.б.Ол далада үйсіз жүрген қаңғыбас емес пе еді?-шыл/-шіл жұрнақтары: 1) Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақтар.Мысалы:ұйқы+шыл,кек+шіл т.б.Менің әкем өте ұйқышыл.2) Сын есімнің салыстырмалы шырай жұрнақтары.Мысалы:ақ+шыл,көк+шіл т.б.Әсемнің көйлегі ақшыл.-қы/-кі жұрнақтары:1) Етістіктің қалау райының жұрнақтары.Мысалы:қайт+қы+ң келеді,кездес+кі+сі келу т.б.Сенің үйге қайтқың келе ме?2) Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақтар.Мысалы:кес+кі,жина+қы,шап+қы т.б.Ол үйден шапқыны іздеп әлек болды.3) Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақтар.Мысалы:қыс+қы,іш+кі,сырт+қы т.б.Ішкі бөлмеде балалар жатыр.