Предмет:
Қазақ тiлiАвтор:
buckoek6Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ат-Турки (870 - 950 ж. ш.) - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Абайдың Фараби еңбектерімен таныстығы жөнінде нақтылы мәліметтер жоқ. Дегенмен Сағдидық: «... философияға, даналыққа зор мән берген Абай әл-Фараби, ибн Синалармен таныс болуымен бірге осы ғақпиялар кітаптарынан да мағлұматы бар еді» (Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық музейі. Инв. №172, 17-6.), - деп айтылған пікірі Абайдың Фараби еңбектерімен таныс болғандығын анықтай түседі. Абай өз шығармаларында нәр татқан рухани бұлақтар төркінін жасырмайды, ол қайта: «Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім..,» - деп ескертуінде мәні терең сыр жатыр.
Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машани (1906 жылы, қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Нұркен ауылы — 02.05.1997, Алматы) — геолог ғалым, тау-кен инженері, геология-минералогия ғылымдарының докторы (1946), профессор (1968), ҚР Ұлттық ғылым академиясының алғашқы құрылтайшыларының бірі және академияның корреспондент мүшесі (1946), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1966).[1]
Қазақстанда геомеханиканың негізін салушы, мектебін құрушы; жазушы. Қазақ тау-кен металлургия институты (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1939). КСРО ҰА-ның Қазақстан бөлімшесінде (1939 — 43), Геология ғылымдары институты (1943 — 46), Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты (қазіргі ҚазҰПУ) (1946 — 50), Қазақ политехникалық институты (қазіргі ҚазҰТУ) (1950 — 88) ғылыми-зерттеу және педагогикалық жұмыстармен айналысты. Негізгі ғылыми бағыты геомеханиканың құрылымы — кристалдық заңдылықтарды зерттеуге арналған.
Автор:
lucas64Добавить свой ответ
Предмет:
Русский языкАвтор:
georgiezshoОтветов:
Смотреть
Предмет:
МатематикаАвтор:
furyОтветов:
Смотреть