Ертеде бір жас жігіт өзінің кедейлігін айтып, әрдайым мұңын шағудан жалықпайды екен.— Шіркін-ай, егер менің байлығым көп болса, жақсы өмір сүрер едім, — деп зарлауын қоймапты.Бір күні жігіттің лашығының алдынан қарт тас қашаушы өтіп бара жатып, зарлап отырған жігіттің қасына келеді.— Саған не болды сонша жыланып? Сен нағыз бай адам емессің бе? – дейді.— Мен баймын ба? – деп жігіт таң қалады. – Ол қандай байлық?— Сенің көздерің ше? Бір көзіңді біреуге қаншаға сатып берер едің? – деп сұрайды қарт.-Оның не?! – деп шошып кетеді жігіт, — көзімді ешқандай байлыққа айырбастамаймын.— Ал енді екі қолың мен аяғыңның біреуін алтынға айырбастар ма едің?— Жоқ, ешқайсысын да алтынға айырбастамаймын, — дейді жігіт.— Міне, көрдің бе, сен өте бай адамсың. Адамның ең үлкен байлығы — күш-қуаты мен денсаулығы, — дейді қарт. – Оны ақшаға сатып ала алмайсың.Қарт осыны айтады да, жөніне кетеді.