• мәтіндегі қате жазылған сөздерді тап
    Себебін түсіндір

Ответы 1

  • Эстрадасынің сөзінде буын үндестігі бұзылған.Сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыс жуан болса,қосымшадағы дауысты да жуан болады.Бұл сөздің дұрыс жазылуы:эстрадасының.

    Тыңдайсың сөзінде де жіктік жалғауы ( жекеше түрде, ІІ жақ) дұрыс қойылмаған.Бұл сөздің алдында біз сөзі тұрғандықтан жіктік жалғауы -мыз деп жалғануы керек.Бұл сөздің дұрыс жазылуы:тыңдаймыз.

    Тыңдағанны сөзінде сөзінде де табыс септігінің жалғауы дұрыс жалғанбаған.-ны жалғауының орнына -ды жалғауы жалғануы керек еді.Бұл сөздің дұрыс жазылуы:тыңдағанды.

    Бастады сөзі жіктік жалғауының жекеше түрде ІІІ жағында тұр.Бұл сөзден бұр мен сөзі тұрғандықтан сөйлем І жақта айтылып тұр.Яғни,бұл сөздің дұрыс жазылуы:бастадым.

    Өзіне сөзі тұрған сөйлем де І жақта айтылып тұр.Бірақ оған жіктік жалғауының ІІІ жағының жалғауын жалғап қойған.Бұл сөздің дұрыс жазылуы:өзіме.

    Оқисың сөзіне де жіктік жалғауының І жағының жалғауы жалғануы керек.Себебі,сөйлем І жақта айтылып тұр.Дұрысы:оқимын.

    Бағларламалерды,әншілар сөздерінде көптік жалғауы дұрыс жалғанбаған.Бірінші сөздің соңғы дауысты дыбысы жуан болғандықтан,сөзге -лар деген жалғау жалғануы керек еді.Ал екіншісіне,керісінше,жіңішке түрде жалғануы керек.Дұрысы:бағдарламаларды,әншілер.

  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years