• Ғаламтор және кітап эссе

Ответы 2

  • Бүгінгі нарық билеген заманда дүйім жұрт рухани қажеттіліктен гөрі, тән қажеттілігін өтеу үшін материалдық дүниеге көбірек көңіл бөліп жүр. Осы тұста адамдар бұрынғыдай кітап оқу дағдысынан айырылып бара жатқанын байқаймыз. Соның салдарынан жастар еркін ойлауға, ауызекі тілде көркем сөйлеуге қабілетсіздік таныта бастағандай. Қазіргі ақпараттар нөпірі сананы еріксіз жаулап алып, жастарды рухани жұтаңдыққа ұшыратып отырған жоқ па? Осы сұрақтардың төңірегінде түрлі сала мамандарынан сыр тартып көрген едік...  - Біз жастарды кітап оқымайды дей­міз. Тіптен күнделікті тірлік қамымен жүр­ген үлкендеріміз де кітап оқуды си­ретті. Ара-тұра ата-аналардың аузынан «Ба­ламның тамағы тоқ, көйлегі көк, қал­ға­нын өзі оқып алады»,- деген пікір­лер­ді де естіп қаламыз. Осылай кете бер­сек, ұрпағымыздың болашағы не бол­мақ? Сайлаубай Жұбатырұлы, жазушы: - Иә, жаңалықты, бүкіл әдебиеттегі бо­лып жатқан өзгерістерді іздеп жүріп оқитын кешегі жас буын, бүгінгі жастардың ата-анасы - үлкендердің де кітап оқудан алыс­тап кеткені ешқандай көлеңкелейтін мәселе емес, ол басы ашық жайт. Шынын­да да кітап оқудан қалды. Өйткені, техни­ка­лық прогресс күшейіп кетті. Ақпарат көп, жан-жағымыздың бәрі экран, керек ақпаратты саусақпен түртіп алып отырмыз деген бір ақталу сөз, сылтау аргумент­термен тү­сін­ді­рі­леді. Бұл - адам қорқатын­дай жағ­дай. Шынын айту керек, кеше біздер үлкен бір өтпелі кезеңді артқа тастадық. Әлде де өтіп келе жатырмыз. Ал өтпелі кезең деген ол төңкеріс болмаса да, эволюциялық құбылыс қана болғаны­мен біздің сана-сезі­мі­мізге, дүниетаны­мы­мызға және әлеу­мет­тік мәселелерге қат­ты әсер еткені рас.
    • Автор:

      barron
    • 6 лет назад
    • 0
  • Қазір ғаламтордың әлеуеті асып тұр. Себебі ғаламтор пайда болғалы кітап оқитындардың қарасы азайған сыңайлы. Алайда ғаламтор бұрыннан сусындап келген кітаптың орнын баса алады ма?!Әрине, әрбір өткен заманды, әрбір кезеңді жырлап келе жатқан кітап еш уақытта құндылығын жоймақ емес. Себебі кітап-алдыңғы шептің кейінгі ұрпаққа қалдырған мұрасы, көңілге түрлі ой түйгізетін, рухани жағынан есейтетін жан азығы. Осы уақытқа дейін білімнің бәрі кітапта ғана болып келді. Әйтсе де, атам қазақтың «уақыт керуеніне бөгет жоқ» дегені рас. Бүгінгі күні кешегі бабалары­мыздың шамның жарығымен кітап оқу ескі заманы артта қалып, жаңа техноло­гиялардың саны артып, ғылым да күннен-күнге даму үстінде. Соның бір парасы «әлемді торлаған ғаламтор». Болашағы зор ғаламтордың пайда болғанынан бері, халық кітап оқудан қалды деуге болады. Өйткені бұрындары әрқайсысы жеке-жеке ұсынылатын аудио, бейне жазбалар, суреттер, әндер, оқулықтар, әдебиеттерді қазір бір ғана ғаламтордан-ақ пайдалана аласың. Қаншама қажеттіліктің бір жерде шоғырлануы халық үшін тиімді, әрине. Ендеше, ғаламтордың да пайдасын жоққа шығаруға болмайды. Сол арқылы біз басқа елдермен де байланысқа шығамыз, көптеген деректерге қанығамыз және ға­лам­тор еліміздің, әлемнің түкпір-түкпірін­де орын алып жатқан оқиғаларды, жаңа­лық­тарды тез жеткізуші. Ғаламторда том-том кітаптардың ықшамдалған нұс­қасын оқуға мүмкіндік бар. Әрине, онысы уақыт үнемділігі үшін жақсы. Дегенмен монитор алдында көсіліп отыра берсек, бас ауырып, көру қабілет те нашарлайтыны анық. Жалпы, компьютердің зияны туралы мақалалар өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап жарық көрген. Соған байланысты бүгінгі таңда «Кітаптың пайдасы мол ма? Ғаламтордың қандай пайдасы бар?» деген сауалды мамандарға жолдадық.
  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years