Ғасырлар бойы сақталған қазақ таңбалары бүгінде ҚР Мемлекеттік рәміздеріне негіз болды, және олардың маңыздылығына ерекше мән берілуде Көптеген жылдар бойы Қазақстан аумағында тұрып жатқан халықтардың әртүрлі белгілері болған. Олардың мәні ерекше. Қазіргі кезде де қазақстандық қоғамда күн, қалықтап ұшқан қыран, тұлпарлар, киіз үй және оның құрамдас элементтері маңызды орын алады. Егер қазақтардың ұлттық ою-өрнегіне ден қойсақ, бұл элементтердің терең тарихи мәні байқалады. Қазақтар көбінесе «қошқар мүйіз» деп аталатын оюды пайдаланған. Ол үшбұрыштар, шиыршық және қошқар мүйізден тұрады.