• "Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл" деген тақырыпта шығарма.

Ответы 1

  • Қазіргі таңда қазақ қоғамында үштілділік мәселесі қызу талқыланып жатыр. Ұлттың тағдыршешті мәселесіне немқұрайды қарамай жанашырлық танытып, пікір білдіріп, үн қосып жатқан азаматтарымыз аз емес. Айтқан-жазғандарын тыңдап, оқып, бірге тыныстап отырмыз. Жер мәселесі сөз болғанда жерге қарап, тіліміздің тағдыры талқыға түсіп жатқанда тілімізді тістеп отыруға болмайтынын кеудесінде жаны бар әр қазақ сезіне бастағандай. Тіл маманы ретінде үштілділікке қатысты пікірімізді білдіруді біз де өзімізге міндет санаймыз. Үштілділіктің бізге не беретіні жөнінде болжам айтпас бұрын, «Біртілді болғанда қандай едік?», «Қостілді қазақ қандай болып отыр?» деген сұрақтар төңірегінде ой қорытуымызға тура келеді.Тіл тек қарым-қатынас құралы ғана емес. Қарым-қатынасты басқа тілде де, ыммен де жасауға болады. Білімді, ақпаратты өзге тіл арқылы да алуға болады. Әрине, ағылшын, испан, қытай, жапон, француз, неміс тілдерін білген адамның ақпарат алу мүмкіндігі артып, таным көкжиегі кеңейе түсетініне ешкімнің дауы жоқ. Өйткені олар кең тараған, ғылымы мен технологиясы бізге қарағанда жақсы дамыған қуатты мемлекеттердің, іргелі жұрттардың тілдері. Оны әркім түсінеді. Бірақ бұл тілдердің бәрін меңгерсе де, одан ана тілінде тәрбие мен білім алмаған қазақ баласы қазақы, ұлтының бар болмысын сүйетін азамат болып өспейді. Айналасын тануға ұмтылған адам баласы ана тілінде тілі шығып, сөйлеп, ойлау арқылы оның ұлттық мінез-құлқы, таным-түсінігі, ұлттық дүниетанымы, ұлттық санасы, ұлттық болмысы қалыптасады. Бала бір мүшелден асқанша өзінің ана тілінде тәрбие мен білім алса, тіл арқылы халқының бар қасиетін бойына сіңірген сол ұлттың өз баласына айналады. Оның бойына ұлттың бар қасиеті дариды. Ал ұлттық қасиет алдымен ата-баба қанымен, одан соң ұлттық тәрбие мен тілі арқылы дарыған ұл-қыздың жүрегі де ұлтымен бірге соғады
    • Автор:

      dotscjks
    • 5 лет назад
    • 0
  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years