• Помогите пж даю 50 балов "Ұрпақ тәрбиесі - ұлағатты іс" тақырыбына эссе жазыңдар .
    ° Нақты айқындалған кіріспе , негізгі бөлім мен қорытынды бөлімнің болуы
    ° Тақырыптан ауытқымау
    ° Өмірмен байланыстыру
    ° Өзіндік тың пікірлер келтіру
    ° . баяндау стилі нақты болу
    ° мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді
    ° болжалдық , шектік мәнді шылауларды қолдану
    ° көлемі 120-150 сөзден тұру

Ответы 1

  • Тәуелсіздігімізді алып бүгінгі  таңда  адамгершілігі мол, сапалы да, салауатты ұрпақ тәрбиелеуде халықтың тәрбиенің  алатын орны ерекше.Халқымызда «Баланы – жастан» деген  дана  сөз бар.  Тәрбиенің  тал бесіктен басталатынын  ескерсек, ата – бабадан келе жатқан салт дәстүрді ең алдымен өзіміз  түсініп, балаларға  оның  нәрін  бере білсек, бұл бала тәрбиесіне  қосқан үлкен  үлесіміз  болып  табылады. Бала  тәрбиесіне  тек  отбасы  ғана емес , сонымен қатар  мектепке дейінгі  ұжымның  да қосар үлесі көп. Білім  мен  тәрбие  өзегі – балабақшадан бастау  алатыны баршамызға  мәлім.

    Бала бойына  жақсы қасиеттер  мен мүмкіндіктерді   ашып олардың өнегелі де  тәрбиелі болуына  тәрбиешілердің  де алатын  орны ерекше. Ата-аналарымыз  тәрбиеші мен  тығыз   қарым-қатынаста  болып,  баланың  дұрыс  тәрбие  мен  білім  алуына  бірлесе  әрекет етсе, жас  бүлдіршіндеріміз  саналы боп өседі  деп ойлаймын. Балал

     

     

    арымызды қалай  тәрбиелесек болашағымыз  солай  болмақ. Еліміздің  болашағы – ертеңгі  тәрбиелі  ұрпақ  екенін  естен шығармауымыз  қажет.  Сол  тәртіпті,  тәрбиелі  ұрпақ  өсіру – баршамызға  ортақ,  әрі  міндет.

    Келешегіміздің  қожасы  балаларымызды  білімді де  мәдениетті, тәрбиелі де  әдепті,  кішіпейіл  де  қарапайым етіп  тірбиелеу  өз қолымызда.  Ұрпақтарымыз  ұлағатты  болсын  десек,  «ұлы сөзден – ұлағат» екенін  ұғындыра  білуіміз  қажет.  Сонда  ғана  «ұлтым»  деп  мақтанатын  болашақта тәуелсіз  еліміздің  мақтанышына  айналатын  ұрпақ  болатыны  сөзсіз.

  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years