• Колик кажеттилик пе алде байык белгиси ме? Эссе жазу керек болвп тур

Ответы 2

  • Көлікті кейбір адамдар байлық белгісі санайды.Бірақ ол олай емес.Мен ойлаймын көлік өте қажетті.Себебі өмірде көлік болмаса керек жерге біз қиыншылықпен ғана жете алатын едік.Сондықтан көлік қажеттілік болып саналады.

    Көлік қажеттілік себебі, керекті, қажетті жерге бара аласың. Онымен кейбір адамдар ақша тауып адамдар балаларын немесе немерелерін асырайды,сондықтан көліктын пайдасы өте көп.

    Бірақ кейбір адамдар онымен көшеде мақтану үшін   “ байлық,,деп  санап ,кедейлердің,адамдардың  алдында мақтанады. Ал көлік жүретін жолға байланысты болу керек деп ойлаймын.Көлік деп тек қана машиналарды емес атттарды да атайды. Көлік байлық емес.Бұл қажеттілікке байланысты сатып алынады.

    • Автор:

      edwin388
    • 6 лет назад
    • 0
  • Ответ: Көлік қажеттілік пе, әлде байлық белгісі ме? Менің ойымша, бүгінгі күні көлік байлық белгісі емес, қажеттілікке айналып отыр. Себебі "Уақыт - ақша" деген қағида қалыптасқан қоғамда адамдар уақытты аса жоғары бағалап, барлық жұмыстарды уақытында, дер кезде бітіруге, баратын жерлеріне жылдам баруға тырысады. Ал бұл көліктің көмегінсіз мүмкін емес. Көлік болған жағдайда кез келген жерге жылдам әрі уақытында баруға, кез келген нәрселерді сатып алуға, көшіруге, әкелуге, тасымалдауға ыңғайлы. Тіпті бүгінгі күні қыздар мен әйелдер қауымы темір тұлпар тізгінін өз қолдарына алып, ер адамдармен бірдей көлік мінеді. Мұның өзі көліктің қажеттілікке айналып отырғанының бір белгісі деп білемін.
  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years