• Күй - қазақ халқының ұлттық өнері, олар қуаныш пен қайғыны күй арқылы жеткізген.

    Күй – қазақ халқының ең басты рухани байлығы. Күйді қазақтың екінші тілі десе де болады.

    Күй – махаббат, азаттықтың, еркіндіктің жаршысы.

    Құрманғазы Сағырбайұлы – күй атасы, қазақтың күйші, композиторы, домбырашы,

    халықтың аспаптық күй өнерінің классигі. Ол Орал облысында туған. Құрманғазының

    алғашқы ұстазы – Ұзақ болған. Ұзақпен бірге ел аралап, домбырашылық өнерін жетілдірген,

    өнер сайысына түскен. Құрманғазының алғашқы күйлерінің бірі – «Кішкентай». Одан кейін

    «Ақ бай», «Ақсақ киік», «Көбік шашқан», «Адай», т. б. күйлерін шығарған.

    Күй анасы - Дина. Атақты күйші, композитор Дина Нүрпейісова да Орал облысы,

    Бекетай құмында, қарапайым шаруаның отбасында туған. Әкесі Кенже Динаны бала кезінен

    еркін өсірген. Ол 7-8 жасында қолына домбыра ұстайды. Тоғыз жасында ұстазы

    Құрманғазымен танысады. Дина өз заманының белгілі күйшілерімен кездеседі. Олар: Ұзақ,

    Түркеш, Көкбала және т. б. Осы күйшілердің шығармаларымен танысады. 1888 жылы

    Құрманғазы Динаға: «Менің күйлерімді кейінгі ұрпаққа жеткіз», - деп өз домбырасын

    ұсынған. Дина ұстазының өсиетін орындады. Динаның кең тараған күйлері: «Әсем қоңыр»,

    «Той бастар», «Жеңіс», «Ана бұйрығы», «Бұлбұл», т. б.

    (167 сөз)

    1. Мәтін не туралы?

    А) күй құдіреті

    В) атақты күйшілер

    С) танымал күйлер

    D) барлық нұсқалар дұрыс

    [1]

    2. Сөйлемді өз сөзіңізбен жалғастырыңыз. Ойды қорытындылаңыз.

    Күй - қазақ халқының ұлттық өнері.

    ____________________________________________

Ответы 1

  • 1.Д. 2. күй - ата бабамыздан қалған өлеңі, күй арқылы біз белгілі бір оқиғаны елестете аламыз. Ол- бізге қалған мұра. Өткен уақыттың айқын көрінісі. (если не трудно, сделай мой ответ лучшим, қиын болмаса, жауабымды лучший деші)
    • Автор:

      reganycal
    • 5 лет назад
    • 0
  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years