Предмет:
Қазақ тiлiАвтор:
genevieveЖалпы, дүниежүзі халықтарының бірінде күнге көбірек мінажат етсе, ал енді бірінің айға құлшылығы көбірек болып келеді. Адам баласы өзіне аса қажетті, пайдасы, не болмаса зияны тиетін дүниелерден, құбылыстардан сескенеді, қорқады. О.Сүлейменовтің пайымынша, күнге құлшылық, әсіресе, солтүстік белдеуде орналасқан халықтарға көбірек тән болуы керек, өйткені олар үшін күннің қажеті ыстық белдеулерде тұратын халықтарға қарағанда маңыздырақ. Біздің ойымызша, қазақ мәдениетінде Ай да, Күн де өз орнымен қасиеттелген.
Қазақстанның ежелгі көшпелі және жартылай көшпелі жұрттарында Күннің культі өте ертеден басталады. Қола дәуіріндегі жерлеу орындарының үстіне салынған дөңгелек қоршаулар, сақтардың «мұртты» обаларының, қабірхана есіктерінің шығысқа қаратылуы, түркі заманының шығысқа қаратылып қойылған мүсін тастары – осылардың барлығы да бұл мәдени нысандарды қалдырушылардың Күнге, күншығысқа мінажат, ғибадат еткендігінің куәлары
Қазақ жерінде табылған «алтын адамдардың» киімінің негізінен қызыл және сары түстерден тұратындығы Күннің және оттың құдыретімен байланысты
Ортағасырлық қимақтардың шығып келе жатқан күнді дауылпаздарды даңғырлатып қарсы алатындығы жөнінде дерек бар
Қазақ ғұрпы бойынша, таңертең ас үстіне келген адам астан ауыз тиюге тиіс. Себебі, "Таңертеңгі асты тастама", "Таңертеңгі асты тастасаң — ауыл-үйің сені тастайды" деген тәмсіл бар. Сондықтан таңертеңгі ас үстіне келген адам жақсылық үшін астан ауыз тиіп аттанады. Таңертеңгі ас бір күндік өмірдің бастамасы. Таңертеңгі асты тастамай, көңілді отырып ішсе, сол күнгі жұмысың да оңға басады деп жорылады
Автор:
giannaДобавить свой ответ
Предмет:
Русский языкАвтор:
bensonfosterОтветов:
Смотреть
Предмет:
Русский языкАвтор:
mackboyerОтветов:
Смотреть