Предмет:
Қазақ тiлiАвтор:
jacoboaustinҮркер жұлдызы ежелгі грек-рим мифологиясына орай аталатын жұлдыздардан құралады. Олар: Atlas, Pleione, Electra, Celaeno, Taygeta, Merope, Alcyone, Sterope қатарлылар.
Олардың ішіндегі ең жарық жетеуі ежелгі Грек мифологиясындағы ғаламды көтерген Атлас (Атлант деп те аталады) пен Плейонадан туған 7 әпкелі-сіңлілі қыздың атымен аталады: Алкиона, Келено, Майя, Меропа, Стеропа, Тайгета және Электра қатарлылар. Ғарыш көтерген Титан қыздары ретінде Сұлусары (Альдебаран) да Плейонаның қызы болып, Гианта деп аталады.
Ежелгі жапондар Үркер үйіржұлдызын әдемі безену бұйымы деп түсініп, оны махаббатпен байланыстырған. Олардың көптеген эстрада әндеріне Үркер тақырыбы арқау болған. 1998 жылғы Гавайидегі 8.2м телескопты Үркер (Subaru)деп атаған. Ал олардың әйгілі Fuji компаниясы шығарған машина Subaru (Үркер) деп аталады.
Қазақ аңыздарында Үркерді қызға ұқсату жоғарыда айтылған Грек, Жапон, Үнді мәдениеттеріндегі Үркер туралы аңыздармен астасып жатқаны байқалады. Ежелгі бір аңызда үркер бес баласы бар жесір әйел деп түсіндіріледі. Оның күйеуін үш мерген атып кетіпті. Енді өзін зорлықпен алмақшы болады . Үркер сол үш мергеннен қашып жүреді делінеді. Бұрын үркердің алты баласы бар екен. Үркердің өзімен жетеу болыпты. Сонда да оның бір баласын ағайынды жеті қарақшы ұрдап әкетіпті. Жеті қарақшының үш жұлдызының ортасында тұрған жұлдыздың бауырында тұрған кішкене жұлдыз сол үркерден ұрдап әкеткен бала екен. Үркердің кейде жетеу болып көрінетіні осы бала шешесіне қашып барып алған кезіне тура келеді екен.
Тағы бір көп таралған қазақ аңызында Үркердің Үлпілдек деген қызы болыпты делінеді. Жетіқарақшы Үркердің Үлпілдек атты сұлу қызына ғашық болып ұрлап кетеді. Қызын қарақшылардан құтқарып алу үшін Үркеліктер әлі де Жетіқарақшыны қуып жүр екен дейді, жақындап қалғанда ылғи да таң атып қала береді екен. Ең жарқырап тұрғаны қарақшылардың бастығы, оның жанындағы көмескіленіп көрініп тұрған сол Үлпілдек дейді аңыз. Шындығында да Жетіқарақшы Темірқазықты айналып Үркер екуі жақындағанда таң бозара бастайды.
Үркер ежелгі сенім бойынша Аспан әлемі мен Жер әлемі арасындағы немесе Көк Тәңірі мен Жер Тәңірі арасындағы қатар «өмір сүруші қосмекенді» ретінде қабылданған. Өйткені, олар алдымен Жерде өмір сүрген, ол кезде мәңгілік жаз болған екен. Аласапыран кез болып, табиғат өзгергеннен кейін ұйықтап жатқан 12 Үркерді барлық жануарлар өлтірмек болады. "Үркерлерді өлтірсең, мәңгілік жаз болады" дегенді естігеннен кейін, әрқайсысы бөліп алып таптамақ болады. Тек қана сиырдың тұяғы аша болғандықтан, оған бөлінген 6 жұлдыз аспанға ұшып кетіпті делінеді.
Автор:
drake0cvkДобавить свой ответ
Предмет:
Окружающий мирАвтор:
leylabuckleyОтветов:
Смотреть
Предмет:
МатематикаАвтор:
buckeyerlwfОтветов:
Смотреть