• Манап «Директор» деген алтын жазулы кабинетті тез тауып алды. Рұқсат сұрап, сыпайы кірген мұны басынан аяғына дейін шапшаң шолып шыққан жасамыс, ақ сары әйел орнынан тұрып, нақ алдындағы орындықты нұсқады. Бұл кабинеттің табалдырығын аттаған жан ең әуелі ашық қабақ пен жылы сөзді аңсап келетінін жақсы біле ме, директор саулығын, жол машақатын тәптіштеп сұрады. Ақыры директорлық мінезге аумай көшті, Бұйымтайыңыз?» — деген сұрақты көлденең тартты. Манап шаруасын айтты. Дипломатының тістей қатқан кере қарыс аузын ашып, неше күн бұрын қаттап-бүктеп, шекесін темірмен қыстырып қойған қағаздарын шығарды. Директор кұжаттарды алдына жайып салып, қадағалап оқыды.

    —Директор оң қолының астындағы қызыл түймені төбесінен басып қалды. — Эльжбета Сергеевнаны шақыра қойшы, Лидочка. Күн сәулелі бауырлас республикадан қонақ келгенін қадап айт, — деген шұғыл тапсырманы тәй-тәй басып кірген жас қыздың мойнына іліп жіберді.

    …—Виктория Ивановна, мені шақырдыңыз ба?


    Есік көзінен отыздың жуан ортасындағы әдемі келіншек күлімсірейді. Қарапайым, дәл, қысқа… — Ініңіздің аты-жөні кім? Есіме түсіріп жіберсеңіз. Ойға шомған Манап басын көтерді.

    — Төрекелдиев… Төрекелдиев Қали! — А, Турекелдиев Гали! Айып етпессіз… Элочка, бір минут кідірме, бұл кісіні Галиға бастап апара ғой. Тек байқа, Манап… е-е… —Манап Сымбатович…— Рақмет. Иә, Манап Симбатович секілді ағам бар деген ой, әрине, Галидың үш ұйықтаса түсіне кірген емес. Өзіңіз де білесіз, балалар үйіне құртақандай кезінде, бар-жоғы төрт жасында қабылданыпты. Осыны ескерсеңіз, — деді де, жігітке «Оқасы жоқ, абыржымаңыз, бәрі орын-орнына келеді» деген райда қарап қойды. Содан соң аға тәрбиешіге бұрылды. — Өсіп кеткен сойталдай бозбаланы Манап Симбатович те салған беттен тани қоймас. Осы екі арада қолайсыз жағдайлар туып кетіп жүрмесін. Манап Симбатович ренжімесе, сыртта қалдыра тұр да, Галиға өзің кіріп, бақай-шағына дейін алдын ала жақсылап түсіндір. Адам жаны — мөлдір әйнек, шытынатып алсақ, қайта жамай алмаймыз. Жалығыңқырап қалды ма, қабақ астына көлеңке үйірген Эльжбета Сергеевна директордың алдын кесіп, лыпылдай жөнелді.

    — Еш қам жемеңіз, Виктория Ивановна. Күнде көріп жүрген үйреншікті жағдай. Алайда, Турегелдиев Гали деген фамилия қанша ойлансам да есіме түспей тұр. Сегізінші сыныпта Туркелдиев Гали деген спортсмен бала бар. Оны өзіңіз де білесіз. Ал Торекелдиев, Турекелдиев… білсем бұйырмасын. Көріскенше күн жақсы, Манап Симбатович! Эльжбета Сергеевна баспалдақтарды шеки басып, төмен түсіп келе жатып:— Өзі балалар үйі болса, шұрқыраған жеткіншектері қайда деп келесіз, ә? — деді бұрыла қарап. — Жазғы демалыс әлі аяқталған жоқ. Төменгі сыныптар лагерьде, жоғарғы сыныптың оқушылары қала іргесіндегі жеміс совхозында қияр, қызанақ теріп жүр. Қали секілді спортпен шұғылданатын балаларды алып қалғанбыз. Мереке қарсаңында қала мектептері спорттың әр түрінен дәстүрлі жарысқа шығады. Күні-түні аласұрып, соған ақ тер, қара тер дайындалып жатыр. Былтыр бірінші орын алғанбыз. Биыл да ешкімге бермейміз деген талабымыз таудай.


    Екеуі ағаштардың ұзын көлеңкелері сұлап-сұлап жатқан аллеяны қуалай келіп, бір қабатты қыш үйге маңдай тіреді.

    — Ойнайтын да, қайнайтын да спорт залымыз осы. Балалар қазір жаттығып жатыр. Орындыққа тізе бүгіп, тоса тұрыңыз. Мен Қалиды ертіп шығайын. Кешіксек кешірерсіз. Спортшылардың жаттығудан соң жуынып, тер басатынын өзіңіз де білесіз.


    Тығыз қара шашы ұсақ-ұсақ бұйра, қол-аяғы таралып қалған, кең иықты болмаса да ешкімнен қарызға жауырын сұрай қоймайтын кішірек көзді ақ сұр бала, дұрысы бозбала сыртқа серпіндей басып шыға келгенде, Манап орнынан ұшып тұрды. Сол, соның нақ өзі. Төрекелді тұяғының сынығы. Қол созып, мына баланың қай жерін ұстаңыз, әкесі Сымбаттың өзімен бірге жер астына ала кеткен нышан белгілері. Жайшылықта қой аузынан шөп алмайтын жуас, момын, ал жиын-тойда шетінен түйе палуан атанған, додаға түссе, көкпардан көкпарды қақшып қоймайтын Төрекелдиевтер тұқымы… Бозбала Манапқа самарқау, бей-жай көз салды да, аға тәрбиешіге бұрылды.

    — Түу, Эльжбета Сергеевна, терді жаңа ғана үгіп, тырыс-бырысты жаза бастағанымыз сол еді. Басқа қолайлы уақыт табылмады ма? — деді қалыптасып қалған қоңыр үнмен. Алақанына қыстыра шыққан тарағын дымқыл шашына көміп жіберіп, артқа қарай көтеріп-көтеріп тастады. — Сөзіңе болайын, Гали. Жаттығу ағаңнан қымбат болып па? Алыстағы ағаң жыл он екі айда бір рет келеді. Жаттығу қайда қашады, ертең-ақ сүмек боп терлеп, кеткен ақыңды артығымен қайтарып аласың, — деді жымиған қалпын мысқал бұзбаған Эльжбета Сергеевна. «Алыстағы ағаң...» дегенде Қали бетін бермен бұрды. Бұл жолы зер салып қарады. Бағзы жылдарда біреуді біреу біліп болмайтын қан базардың қақ ортасында кездейсоқ ұшырасып қалған көлденең көк аттыны қазір түстеп тани алмай тұрғандай жүзінде толқу бар.


    Бой жағынан қарайлас бозбала төніп қалғанда: — Бар екенсің, бауырым! — деп, алға созған екі қолын айқара ашып, ыстық құшаққа айналдыра беріп еді, Қали: — Здравствуйте, дяденька! Как живете? — демесі бар ма! Созған қолы сынғандай сылқ түсті…


    Жер шетінде жатқан балалар үйіндегілердің орысша оқып, орысша сөйлейтінін неге білмесін. Білу бар да, көзбен көріп, қолмен ұстау бөлек екен. Соңғысы алдыңғыдан он есе ауыр ма деді. Сырт көзге Манап сабырлы, салмақты көрінгенмен жетім өскен адамның мінезі бұған да жұққан; ешкімге сыр бермесе де іштей қиналып, іштей желінетін. Аға тәрбиешіні дер кезінде есіне түсірді де, бойын жинады. Қалидың амандасу үшін солаңдатып ұсынған қолын ұстай алды да, сілкіп өзіне тартып, төсіне төс тигізді, маңдайынан иіскеді. Аға болу қиын шаруа екен. Қалиды қайдам, ініге аға болып, еміренуден Манап қалыпты. Ойлап отырса, он бір жыл бұрын Қалиды балалар үйіне тапсырып тұрып, сорасы ағып, үнсіз жылағанда ғана аға болыпты. Қазір ол ағалық сезім ұмыт. Сүт пісірім бұрын Қалиды көргенде ғана кеудесіне нұр құйылды. Осы минутта оның орнына у құйылғандай. Жалпы іштей қорқып отыр. Алматыдан аттанғалы іштей дайындап, неше қайтара пысықтап келген басты сауалын қабырғадан қойып, сөзді ашыққа шығарудан тайқақсиды. Іске келгенде жаудай тиіп, апырып-жапырып жіберетін; ал сөз дегенде аузына маржан салып, томаға тұйық тымпиып отырып алатын «ішімдегіні тап» қыңыр тұқым-ай!


    Шай қайнатымдай толғанып, ойын әбден пісіріп алды да, оқыс кимелеп, үсті-үстіне төкпектете жөнелді. — Өскемендегі балалар үйіне сені бұлыңғыр күзде апарып тапсырдық. Өзге амал да қалмаған. Шешені қылтамақ алып кетті. Жерге қарап әкеміз күрт шөккен. Соғыстан контузия алған адамнан не сұрайсың? Төсек жаңғыртып, бізге өгей де болса ана тауып бере ме десек, қаны қайта-қайта көтеріліп, ауруханадан шықпауға айналды. Мен мектеп-интернатта оқимын. Сонда деймін де: «Қалмаймын десе қалмаймын!» — деп зар илеп жылағаның күні бүгін көз алдымда. … Тәтемнен айырылғасын сені көкем бақты. Жазғы демалысқа келгенде жаялығыңды өзім жуып жүрдім. Мені өлердей жақсы көретінсің. Бір бидайды бөліп жедік. Қайда барсам сонда, томпаңдап, ізімнен екі елі қалмаушы ең. Манап көзімен тротуар сүзіп, отырып қалды. Қара жер қойнына өзіммен бірге ала кетермін-ау деп талай жыл тұмшалап сақтаған сырының тиегін ағытса да, аяғына шыққанша асық болды. Туған інімен құрғақ қурайды қырт-қырт жегендей сөйлесермін деп ойламап еді. Қали ше? Төмен салған кірпігі көзін көлегейлепті. Не ойлап отырғаны белгісіз. Қолдарын айқастырып салған күйі бауырына тығып, іші ауырғандай еңкейіп отыр. Манап демін жұтып, ақырын күрсінді. Көзінің құйрығымен Қалиды бақса, бей-жай, салғырт, самарқау. «Сөйлесең — ауыз өзіңдікі, сөйлемесең өзің біл, айттың сендім, рақмет!» кейіп. Астыңғы ерні жиналмай жатыр. Келесі сәтте тарағын қалың, қайратты шашына көміп жіберіп, тысыр-тысыр тарады. Қомпайған ұртына ауа жинап алды да, жүзін тәптіштеп тұрып үрледі. Манап ішін тартты — Қали көкесі қашан, қалай қайтыс болды, қаузап сұрамақ түгіл, тіс жармады. Ағасы Манап қалай күнелтті, қай институтқа түсті, оқуы, болашағы не, ләм-мим жоқ. Жарайды, Манапты қойшы, фамилиясына жазылған әке хақында тырнақтай бір ой, тебіреніс қайда? Көзден кеткесін көңілден бұлбұл ұшқаны да. Кімге кінә қоярсың? Ошақтың күлін аспанға шығарған соғысқа ма? Ол айып-айбанаң кімге дәрі? Кілең қам көңіл. Сөз тізбегі көмейіне лықып келіп еді, Қалиға кенеттен тіл бітті. — Мереке қарсаңында жасөспірім боксшылардың қалалық біріншілігі өтеді. Соған жатпай-тұрмай дайындалып жатырмыз. Былтыр финалда ұтылып қалғанмын. Биыл қайтсе де есе қайтару керек. Жасөспірімдер тобы бойынша бірінші разрядым бар. Бөсіңкіреп кеткенін кеш аңғарған бала бетін бұрып ала қойды. Пысық бала ғой, бойын тез жинап алды. Манаптың жиырылған жеңінен сойдиып шығып тұрған білегіне қадалды.

    — Уақытыңыз қанша?

    — Бес минутсыз бес.

    — О! — Қали атып түрды. — Отырып қалыппын. Уақыттан ұтылсам, жарыстан ұтылғаным. Бес жарымда жаттығу бітеді. Тым болмаса, қалғанына қатысайын. Жаз бойы салмақ қосып, бұлшық етім босап кетіпті. Қош бол… — дей берді де, тілін тістеді. — Сіз… қонасыз ба? Манап төмен қараған күйі:

    — Жоқ, кетемін. Кешкі алтыда поезд бар, — деді.

    — А-а… Сапарыңыз сәтті болсын! — Серпіндей басып, спорт залына қарай жөнеле берді.

    — Хат жазамын. Келер жылы жазда келемін… Келетін шығармын, — деді Манап ізінше. Естіді ме, Қали кете барды. Баспалдаққа екі-ақ ырғып шығып, кілт бұрылды да, қолын бұлғады. Орындық қасында түрған Манаптың тұла бойы дір етті. Көзін мұнар алды. Алға қарай емпеңдеп жөней бергені есінде. «Қалқам-ай! Қанатым-ай!» — деген сыбыр құлағында көшіп жүр. Есік сарт жабылғанда барып есін жиды. Биік баспалдақ бос екен.


    Қалың будың арасынан қалқып шыққан «Волгаға» қол көтергенін, шофердің кідіріссіз есік ашқанын, жұмсақ орындыққа аузы буылған қапшықтай сылқ етіп отыра кеткенін, «вокзал», — деген сөзді әрең айтқанын біледі. Орындық арқалығын желкесіне жастап, басын артқа тастап жіберді де, көзін жұмды.













    бауыр шығарманнын идеясын анықтап Төрт сөйлем әдісі бойынша түсіндіріп жаз

Ответы 1

  • Манап быстро нашел кабинет с золотой надписью «Директор». На вопрос о разрешении она вежливо вошла, а седая женщина встала и указала на стул перед ней. Человек, переступивший порог этого кабинета, в первую очередь поинтересовался у директора о его здоровье и поездках, знает ли он, что жаждет открытого и теплого слова.В конце концов он стал режиссером. - задал вопрос по горизонтали. Манап рассказал историю. Он открыл затвердевший рот своего дипломата и вынул бумаги, которые были сложены и отутюжены несколько дней назад. Директор развернул документы и внимательно их прочитал.

    - Режиссер нажал красную кнопку под правой рукой. - Позвоните Эльжбете Сергеевне, Лидочка. Позаботься о том, чтобы у солнечного брата был гость из республики, - срочное задание повесила на шею медленно вошедшая девушка.… - Виктория Ивановна, вы меня пригласили?

    Красивая женщина лет тридцати с небольшим улыбается у двери. Просто, аккуратно, кратко… - Как зовут вашего брата? Напомните мне, пожалуйста. Манап задумчиво поднял голову.

    - Турекельдиев… Торекельдиев Кали! - Ах, Турекельдиев Гали! Без обид ... Елочка, не жди, отведи этого человека к Гали. Заметьте, Манап… э-э… - Манап Сымбатович…

    - Спасибо. Да, мысль о таком брате, как Манап Симбатович, конечно же, не приходила в голову Гали, когда он спал три ночи. Как известно, в детский дом его приняли в четырехлетнем возрасте. Имея это в виду, он сказал, глядя на парня в настроении: «Нет проблем, не волнуйся, все встанет на свои места». Затем он обратился к старшему наставнику. - Манап Симбатович не узнает такого взрослого молодого человека. Избегайте попадания шины на рельсы трамвая: это неприятное падение.

    Если Манап Симбатович не расстроен, оставьте его на улице и сами отправляйтесь в Гали и заранее все объясните. Человеческая душа - это прозрачное стекло, и если мы его треснем, мы уже не сможем его починить. Утомленная Эльжбета Сергеевна, находившаяся в тени, подошла к режиссеру и моргнула.

  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years