Предмет:
Қазақ тiлiАвтор:
joannavaldezОтвет:
Бүгінде адамзат үшін азық-түлік қауіпсіздігі басты мәселеге айналып келеді. Ғаламшар тұрғындарының саны 7 миллиардтан асып кетті. Алайда, халық саны өскенімен, азық-түлік өндірісі мәз емес. Қазақша айтсақ, «жейтін ауыз» көбейгенімен, экологиялық, табиғи апаттар, жердің тозуы секілді факторлар да азық-түлік өнімін молайтуды тығырыққа тіреп отыр. Тепе-теңдік заңдылығы бұзылуда. «Жер бетінде 1 млрд-қа жуық адам тамаққа жарымай, аштық құрсауында өмір сүруде» деп БҰҰ-ның дабыл қаққанына да біраз жылдың жүзі болды. Әлем жұртшылығы ауылшаруашылық мүмкіндігі бар дамушы елдердің ертеңіне үміт артуда. Бұл тұрғыда Қазақстанның аграрлық әлеуеті әлі толық ашыла қойған жоқ. Бізде өнімнің негізі болғанымен, оны қайта өңдеу ісі енді-енді қолға алына бастады. Статистикаға жүгінсек, елімізде тамақ өндірісімен айналысатын 2,1 мың кәсіпорын тіркелген. Соңғы он жылда азық-түлік тауарларының негізгі түрлері бойынша да өсім байқалады. Мәселен, кейінгі жылдары ұн, ірімшік және сары май өндірісі бұрнағы жылмен салыстырғанда 2 есеге, шұжық өндірісі 3,4 есеге, сүт пен қаймақ, өсімдік майы, макарон және маргарин 2,7 есеге, ал қант 5 және жарма өндірісі 11 пайызға артқан.
Автор:
stitchxtj8Добавить свой ответ
Предмет:
Русский языкАвтор:
giselleОтветов:
Смотреть
Предмет:
Русский языкАвтор:
pop tartОтветов:
Смотреть
Предмет:
ХимияАвтор:
addisondunlapОтветов:
Смотреть
Предмет:
ИнформатикаАвтор:
zane66Ответов:
Смотреть