• Казахский язык. Найдите неологизмы в тексте Әлемнің алдыңғы қатарлы 161 мемлекеті мүше болып табылатын белді ұйымның аламан бәйгесінде бас қаламыз – Астана Бүкіләлемдік әмбебап көрме өткізу құрметін жеңіп алды. Батыс пен Шығыс өркениетін жалғастырған алтын көпір атанған ару Астананың айтулы эстафетасы, енді Дүниежүзілік көрмелер алаңы – ЕХРО-2017-ге ұласпақ. Астана ЕХРО-2017-нің басты ұраны – «Болашақтың энергиясы». Мемлекет басшысы Қазақстанды индустрияландыру стратегиясында «жасыл энергия»-ға сара жол ашып отыр. Астанада ЕХРО-2017-ні өткізу елорданың, жалпы, бүкіл Қазақстанның экономикалық және инфрақұрылымдық дамуына жаңа серпін беретіндігі сөзсіз. ЕХРО-2017 көрмесін өткізу нәтижесінде 64 Жағыпарова Майра еліміз энергетика саласында озық технологияларды өндіріске енгізу идеяларын қабылдап, бұл саланы дамытуға жаңа тиімді инвестициялар тарту үшін қолайлы мүмкіндіктерге ие болады. 2017 жылы Қазақстанның бас қаласы – Астана қаласының 20 жылдық мүшелтойы атап өтіледі. Астананың тойы тағы да жаһандық сипатқа ие болады. 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында көрмеге әлемнің 100 мемлекеті мен 10 халықаралық ұйымынан 5 миллионға тарта адам келеді.

Ответы 1

  • Объяснение:

    рмшсрсшбыьвьвдчбыбыдцжцздвбчбччб

  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years