Предмет:
Қазақ тiлiАвтор:
baby100Ответ:
Көп ретте техникада машиналар мен тетіктердің жанасатын беттері арасындағы үйкелісті азайту қажеттігі туындайды. Бұл жағдайда жанасатын беттер тегістеліп, олардың арасы майланады.
Үйкеліске әсер етудің тағы бір мүмкіндігі - сырғанау үйкелісін домалау үйкелісімен алмастыру. Егер жанасатын беттердің (ось пен тірек) арасына шариктерді немесе роликтерді орналастырса, онда бұл жағдайда сырғанау үйкелісі домалау үйкелісіне ауысып, үйкеліс күші құрт кемиді. Ось пен тірек тез ескірмеу үшін шариктер мен роликтерді катты материалдан жасалған сақиналардың арасына орналастырады. Сыртқы сақина тірекке орнатылады да, ішкі сақина білікке кигізіледі . Сонда білік тірек бойымен сырғанамайды, шариктер мен роликтер арқылы оның бетімен домалап отырады.
Автор:
payten5kwoДобавить свой ответ
Предмет:
Английский языкАвтор:
núñez76Ответов:
Смотреть