• Айтылым. Берілген тақырыптардың бірінде жұппен диалог құрастырыңыз 1. Ғаламторды дұрыс пайдаланымыз!2. Күй – қазақ халқының ұлттық өнері. 3. Төрт түліктің пайдасы.Помогите срочно!​

Ответы 1

  • Ответ:

    Объяснение:

    Төрт түлік малдың адамға пайдалы екенін білесіз бе?" тақырыбында диалог.

    – Ата,мен сізге сұрақ қояйыншы?

    – Қоя ғой,құлыным!

    – Ата-бабамыздың төрт түлікке айрықша көңіл бөлу себебі неде?

    – Төрт түлікке түйе,сиыр,жылқы,қой жатады.Олар ертеден бізге ас-ауқатымыз,әрі киіміміз,әрі көлігіміз болған ғой.

    – Мысалы,түйенің адамға берер пайдасы қандай?

    – Түйе – төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі.Ол қырық күн шөлге шыдамды,жүк артса – көлік,жесе – ет,ал жүні киімге жараған.Қазақ халқы түйенің жүнінен түйе жүн шекпендер киген,ол жеңіл әрі жұмсақ сырт киім болған.

    – Түсінікті.Ал халқымыз үшін ең сүйіктісі қайсысы?

    – Ол – қой.Өйткен,қой майда,өсімтал,момақан,тез ет алып,қонақ кәдеге жарап отырған.

    – Ия, кішігірім қонақтардан анам қойдың етін асады ғой.

    – Дұрыс айтасың,балам.Зеректігінен өзінің.Ал енді мен саған сұрақ қояйын.Қой туралы мақал-мәтел білесің бе?

    – Ия.“Қойдың сүті – қорғасын,қойды құртқан оңбасын” деген мақалды білемін.Осы сөзден-ақ қойдың қазақ халқының өмірінде алар орны зор екендігіне көзімді жеткізген болатынмын.

    – Бәрекелді.Бар,енді әкеңе көмектес.

    – Жарайды, ендеше мен кеттім.Жауаптарыңыз үшін рахмет!

  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years