Предмет:
Қазақ тiлiАвтор:
mario93Ответ:
Мен - Тәуелсіз елдің ұрпағымын
Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы тәуелсіз ел болуды аңсады. Қаншама батырларымыз, ер жүрек апа-ағаларымыз елін, жерін қорғау мақсатында оққа ұшты. Тәуелсіздік – ата-бабамыз армандаған асыл армандарының бірі екенін білеміз. Ел болғанда да өзге елмен терезесі тең, өзгелер қызыға қарайтын ынтымағы жарасқан ел болса деді. Ұрпағымыз тілін құрметтесе, алысқа, өзге елдерге қырағылықпен қарап, терең біліммен болашағын бағдарлай алса, байлығын қорғай алса, жауын ақылмен тізгіндей білсе, иманды болса деп армандаған. Ақын-жазушыларымыз тәуелсіздік үшін күресіп, көбі қайғыға ұшырады.Қазақ ешкімге соқтықпай,жәй жатқан ел, дос болғанға- құшақ ашар туыс, қас болғанға – қиып түсер қылыш болған – қазақ ханы Абылайдың аталы сөзіндей асқақ елміз.Ел болып қалыптасу тарихымызда, елдігіміз бен егеменділігімізді сақтау жолында өмірлерін сарп еткен ұлы тұлғаларды ардақтайтын,тәуелсіз елдің ұрпағымын! Біз жалынды жастар, тәуелсіз Қазақстанның болашағымыз. Сұлу да әсем,жұпар ауасы бар, баға жетпес байлығымыз болған еркіндікті мәңгілік және баянды ету біздің мақсатымыз әрі перзенттік парызымыз. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз мәңгілік болсын!
Автор:
beautyow9pДобавить свой ответ
Предмет:
Английский языкАвтор:
otis7Ответов:
Смотреть
Предмет:
ГеографияАвтор:
arielleatkinsОтветов:
Смотреть
Предмет:
Қазақ тiлiАвтор:
cervantesОтветов:
Смотреть
Предмет:
Русский языкАвтор:
anika75Ответов:
Смотреть