• қиял туралы эссе срочно даю 50 баловв!!! ​

Ответы 1

  • Ответ:

    Шын мәніне келгенде, қиял дегеніміз – өте ғажайып дүние. Алланың адамға бере­тін негізгі байлығының бірі осы қиялдай білу қасиеті. Ғалымдардың пікірінше, қиял­дай білу қасиеті басқа жан-жануарларға дары­тыл­маған. Демек адамзат дамуының түпкі заңды­лығы, оның бүгінгідей өрке­ниеттік биік дең­гейге көтеріле алуы адамның осы қиялдай білу қасиетіне молынан қатысты екендігі анық.

    Қазіргі біз бастан кешіріп отырған заман – адамзаттың қиялы мен бүгінгі өмір шын­дығы әбден астасқан заман. Өйткені адамзат өз қиялын толық жүзеге асырарлық деңгейге көтеріліп отыр. Кезінде ұшқыш кілемді арман еткен адам баласы қазір дыбыс жылдамдығымен бірдей жүйтки алатын ұшақтарға мініп алып, Жердің бір шетінен екінші шетіне санаулы сағаттарда жете алатындай мүмкіндікке ие болды. Қиял-ғажайып ертегілерде айтылған адамзаттың арман-тілегінің бәрі қазір жүзеге асуда. Алланың адамға дарытқан қасиетінің арқасында қиял дегеніміз шексіз ғой. Қиялдың осы шексіздік қасиеті адамзатты әлі талай биіктерге көтереді деп үміттенемін.

    Қиял дегеніміз – төбеміздегі көк зеңгір аспан секілді де, адам ойы – сол қиял аспа­нын­да шарқ ұрған қыран құс секілді. Егер адам­ның қиял әлемі соншалықты кең болса, оның ойы да қыран құстай неғұр­лым алыстарға самғап ұша алады. Демек бүгін­гідей бәсекелестік өріс алып отырған заман­да, жаңа туған жас нәрестенің бойына қиял­дай білу қасиетін молынан дарытуға ұмтылу – әрбір ата-ананың парызы. Сіз бала­ңызға осы қасиетті дарыту арқылы ғана оның бола­шағының үлкен бір бөлігін қамтамасыз ете аласыз. Өйткені баланың қиял әлемі барын­ша кең болса, оның арманы да соған сай асқақ болмақ. Егер баланың арманы барын­ша асқақ болса, ол өз алдына соған сай биік мақсат қоя алады. Оның мұндай қыры, көбінесе, бозбала шағынан бас­тап ашы­ла бастайды. Егер бозбаланың немесе бойжет­кеннің алдына қойған мақсаты биік болса, оның өмірге, сонан кейін өзіне қояр талабы да соншалықты мығым болмақ.

    Объяснение:

    XD

    • Автор:

      chadhrnr
    • 11 месяцев назад
    • 10
  • Добавить свой ответ

Еще вопросы

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years