• Әлемді жақсы жақа өзгерту үшін не жасауға болады” эссе

Ответы 1

  • Ответ:Қазіргі таңда өзгеруге талпынған жандар мен өзгертемін дейтін семинарлар көбейді. Әрине, жаңалыққа ұмтылудың еш сөкеттігі жоқ. Алайда көп нәрсенің тетігі тек қана өзімізде екенін түсінбейтініміз қиын.Ұстаз тапсырмасын орындау нәтижесінде бүгінгі желілік бизнеске айналған кестені ойлап тапқан баланы идеясы о баста жақсылық жасау болатын. Былыққа толған қоғамды жамандықтан тазартқысы келген оқушының қарапайым сызбасы әуелі үш адамды, үш адам тағы да тоғыз адамды өзгерту әрі қарай жалғасады. Мектеп оқушысы нашақорға бар жиған-терген тиынын ұстатып, оны үйіне қондырып, жұмыс тауып береді. Жұмыс тапқанымен, ол үйренген әдетінен айнығысы келмей, қайта бұрынғы күйіне түседі. Алайда оның ойында кішкентай баланың «мен сені өзгерткім келеді, сен де біреуді өзгертуге тиіссің» деген сөзі қалып қояды. Таң атпай көше кезіп, қиналған жанына «дауа» таппай келе жатқан нашақорға көпірден секіргелі тұрған бойжеткен кездеседі. Нашақор шошып кетеді. Кенет миының бір қыртысында қалған кішкентай баланың сөзі есіне түсіп, жалма-жан қызды құтқарады. Еңіреп жылаған қыз «мені не үшін құтқардың» дегенде, «енді сен де мен сияқты қиналған бір жанға көмектес, маған бұл ойды кішкентай бала үйретті» дейді. Не керек, мектеп оқушысы ойлап тапқан жақсылық жасаудың желілік кестесі осылайша АҚШ-та көп қолдауға ие болыпты. 2000 жылы америкалық жазушы, қысқа әңгіме жазудың шебері Кэтрин Райан Хайдтың идеясымен түсірілген режиссер Мими Ледердің «Заплати другому» атты фильмі бүгінде әлемге танымал. Қазір аталмыш киноны көптеген тренерлер пайдаланып жүр.  

    Объяснение:

    • Автор:

      susanddma
    • 10 месяцев назад
    • 8
  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years