Баласы атқа шапса анасы үйде тақымын қысады.Ананың сүті-бал, баланың тілі - бал.Алты ұл тапқан ананы "ханым" десе болады. Сыйласа білген адамды "жаным" десе болады.Ақ шашты ана: "жастығым — балам" дейді. Ақылды бала: "ай-күнім — анам" дейді.Ана алақанының аясы, Ақ шынардың саясы.Ана алдында құрмет, Ата алдында қызмет.Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, Атадан тағылым алмаған ұл жаманАна көркі алдындағы баласы, Қала көркі үйі, орман-ағашыАналы баланың өзі тоқ, Анасыз баланың көзі тоқ.Ананың ойы ұяда, Баланың ойы қияда.Ананың ізін қыз басар, Атаның ізін ұл басар.Анаңа ауыр сөз айтпа, Атыңа ауыр жүк артпа.