Жаздыгүн шілде болғанда,Көкорай шалғын, бәйшешек,Ұзарып өсіп толғанда;Күркіреп жатқан өзенге,Көшіп ауыл қонғанда;Шұрқырап жатқан жылқыныңШалғыннан жоны қылтылдап,Ат, айғырлар, биелерБүйірі шығып, ыңқылдап,Суда тұрып шыбындап,Кұйрығымен шылпылдап,Арасында кұлын-тайАйнала шауып бұлтылдап.