Ответы 1

  • Ответ:

    "Асханада" диалог.

    Кенжебек: Сәлем, кезекте сен бе соңғы?

    Сырым: Сәлем, ия. Менен кейін боласың.

    Кенжебек: Жақсы. Бүгін ас мәзірінде не бар екен, көрдің бе?

    Сырым: Ия, көрдім. Қазір түрлі ботқалар мен ыстық тәтті бәліштер дайын болыпты.

    Кенжебек: Керемет! Таңертең ұйықтап қалып, таңғы асымды ішпей шығып едім.

    Асханадағы апай: Балалар, не аласыңдар, айта беріңдер?

    Сырым: Апай, маған ірімшік қосылған тәтті бәліш пен сүт қосылған шай беріңізші.

    Кенжебек: Ал маған сұлы ботқасы, екі тілім нан мен қара шай беріңізші.

    Асханадағы апай: Мінеки, бәліш пен шай 120 теңге, сұлы ботқасы, нан мен шай 200 теңге.

    Сырым: Рахмет, апай!

    Асханадағы апай: Ас болсын!

    • Автор:

      jettahess
    • 5 лет назад
    • 0
  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years