Арыстандай айбаттым,Жолбарыстай қайраттым,Аспандаған байрақтым,Қанша жұлдыз жайнаттың,Қанша бұлбұл сайраттың,Қазақстан, ардақтым!Тұлпарыңның шабысын,Домбыраңның қағысын,Күңіренткен тау ішін,Дарияңның ағысын«Сүйем!» десем - бәрі шын,Қазақстан - намысым!Әрбір тасы - киелім,Әр уығы - жүйелім,Ән кернеген жүрегін,Күй кернеген тиегін,Сары алтыннан сүйегің,Қазақстан - жыр елім!Шаңырағың - шырағымТопырағың - тұмарым,Ғаламда жоқ сыңарың,Ғажайыбым, жұмағым,Басы таза бұлағым,Басылмайтын құмарым,Қазақстан - қыраным!Айың тусын оңыңнан,Күнің тусын солыңнан,Жұлдыз жансын жолыңнан,Басыңа бақ орнасын,Қыдыр болсын жолдасың,Құдай сені қолдасын,Қазақстан - көз жасым