Бір су бар Шыршық деген қалқып аққан,Бетінде бетегесі шығып жатқан.Қарайсың міне соған тамашалап,Сол судың кете алмайды дәмін татқан./Кітап/.Сандығым бар өзгеше, Қолыма алып жүремін.Ішін ашып ақтарып,Өмір сырын білемін./Кітап/.Ұзын-ұзын ұсқауын,Ұзынына кім жетер?Шұбар ала күйкентай,Шұбарына кім жетер?/Кітап/.Бір қобди дүние жүзін бағалаған,Әсемдеп, талай адам қамалаған.Қобдидың ашылмайтын кілті өзінде,Ашылса табылар еді не қалаған./Білім, кітап/.Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық,Ашылар мезгілінде баурын жазып.Ішінде толып жатқан қазынасы бар, Қорек қып пайданалар тамам халық./Кітап, оқу/.