Ответы 1

  • Ответ:

    Зат есімнің түрлері.

    Зат есім - заттың, ұғымның, құбылыстың атын білдіретін сөз  табы.

    Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер?

    Зат есімнің түрлері:

    1. Тұлғасына қарай: Негізгі зат есім және туынды зат есім.

    Негізгі зат есім - бөлшектеуге келмейтін түбір зат есім. Мысалы: у, ат, ант, бата, құдық.

    Туынды зат есім - Зат есімге және басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалған зат есім. Мысалы: біл-ім, дос-тық, бора-н, тарс-ыл.

    2. Құрамына қарай: дара және күрделі зат есімдер.

    Дара зат есім - бір ғана түбірден тұрады. от, ара, қант, оқушы, баспалдақ.

    Күрделі зат есім - Кемінде 2 сөзден тұрады. кемпірқосақ, ата-ана, ҚазМҰУ

    3. Жалпылай немесе жекелей атауына қарай: жалпы және жалқы зат есімдер.

    Жалпы есім-   Біртектес заттардың жалпы атауы: кісі, өзен, тау.

    Жалқы есім - Біртектес заттардың өз ішіндегі жекелеген атауы: Асан, Ертіс, Алатау.

    4. Мағынасына қарай: деректі және дерексіз зат есімдер.

    Деректі зат есім - қолмен ұстап, көзбен көруге болатын, нақтылы тануға болатын зат атаулары деректі зат есім деп аталады. Олар: мектеп, қағаз, ағаш, қалам, т. б.

    Дерексіз зат есім - Көзге көрінбегенмен, адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын құбылыс,, ұғым атаулары дерексіз зат есімдер деп аталады. Мысалы: адамгершілік, ақыл, қуаныш, парасат, т. б.

    • Автор:

      jasmine55
    • 5 лет назад
    • 0
  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years