Предмет:
Қазақ тiлiАвтор:
katrina9nezОтвет:
"Атқамінер" сөзінің екі мағынасы бар.
1. Атқамінер — ел басқарушы қызметкердің ауызекі тілдегі жалпылама атауы. Халықтық дәстүрлі түсінікте олар кейде жағымды, кейде жағымсыз айтылады. Атқамінерлердің арасында өз ауылын, ұжымын пайдалы істерге жұмылдырғандары көп болды. Олардың мұндай қызметі ел шетіне жау тигенде, ашаршылық, жұт келгенде, ұжымдық шаруашылық, қоғамдық құрылыстар жүргізгенде т.б. жағдайларда айқын аңғарылған. Белгілі бір топтың немесе өзінің пайдасын ойлап кеткен атқамінерлер халық арасында жағымсыз әсер қалдырды. Әсіресе, кеңес дәуірінде солақай саясат ықпалымен елдің болашағын, халықтың тағдырын ойламай асыра сілтегендерді “шолақ белсенділер” деп те атаған.
2. Бала 4-5 жасқа толғанша әкесі оған тай – құнан арнап, ер тоқым, қамшы, жүген даярлап қояды. Атқамінер тойы көбіне жаз айларында болады. Ел жиналғаннан кейін баланы өзіне арнаған тай немесе құнанына мінгізіп, қуаныш қылады. Тойда айтылатын тілектер, берілетін бата жыр түрінде болады:
Ақ тілеік, ақ тілек,
Атқа тоқым сал, тілек.
Жасыңнан малды баға біл,
Атқа жақсы шаба біл.
Өнеге, өнер таба біл,
Аймағыңа жаға біл.
Тең құрбыңның алды бол,
Мінеки, атқа міндің –
Ашылды жол.
Атқамінер тойы баланың ержеткені, өскені, азамат болғандығының белгісі болып саналған. Бұл той балаға да үлкен жауапкершілік артып, сана- сезімнің оянуына, тез есеюіне әсер еткен.
"Атәкелер" сөзінің мағынасы - қолғабыс, көмекші болу.
Автор:
joeДобавить свой ответ
Предмет:
МатематикаАвтор:
chamberlaincpqxОтветов:
Смотреть
Предмет:
Русский языкАвтор:
jake17Ответов:
Смотреть
Предмет:
Русский языкАвтор:
bookersjjaОтветов:
Смотреть
Предмет:
Другие предметыАвтор:
zackОтветов:
Смотреть